Мирас Мұхтарұлы Дәуленов (1 маусым 1983, Өскемен, ШҚО, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасының бұрынғы мемлекет қайраткері, 2019 жылдың 30 желтоқсаны мен 2021 жылдың 4 мамыры аралығында Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған. 2021 жылдың 1 маусымынан бастап Нархоз университетінің президенті.

Өмірбаяны 1983 жылы 1 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. 2000 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсті, онда құқықтану мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алды. Еңбек жолын 2003 жылы әртүрлі ұйымдарда заң кеңесшісі болып бастады.

2007-2012 жылдары «Болашақ» халықаралық білім стипендиясының иегері болды. 2007 жылдан бастап Вроцлав университетінде докторантурада оқыды, 2009 жылдан бастап «Халықаралық құқық және Еуропалық кеңес құқығы» бойынша сабақ береді.

2012 жылдың тамыз айында Қазақ гуманитарлық заң университетінің халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 2018 жылдан бастап Салық Зиманов атындағы іргелі және қолданбалы ғылымдар академиясының басқарма төрағасының орынбасары — директоры. 2018-2019 жылдары М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университетінің проректоры.

2019 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

2021 жылдың 1 маусымынан бастап Нархоз университетінің президенті қызметін атқаруда.

Ғылыми жұмыстары Мақалалары

Дереккөздер

Санат:Нархоз университеті ректорлары