Кпелле (кпесе, герзе, песси)Российские универсальные энциклопедии http://gatchina3000.ru/great-soviet-encyclopedia/bse/065/556.htm — Батыс Африкадағы халық. Орталық және Солтүстік Либерияда және Гвинеяның оңтүстік-шығысында тұрады. Жалпы саны 1,2 млн.адам. Либерияда 758 мың адам (2008 ж., бағалау) Гвинеяда 514 мың адам.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2105281
Тілі Тілі - кпелле тілі, манде тілдер отбасының оңтүстік тобына жатады.Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/99329/%D0%9A%D0%BF%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5 Жазуы 1960 жылдан бастап латын әліпбиіне негізделген.
Діні Дәстүрлі нанымдарды ұстанады, бір бөлігі-сүнниттік мұсылмандар, христиандар және синкреттік культтердің жақтаушылары.Кпелле https://megabook.ru/article/%D0%9A%D0%BF%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері -қолмен атқарылатын егіншілік (кассава, таро, күріш, жүгері, кола ағашы), майлы пальма жемістерін жинау, аң аулау, балық аулау, кофе, какао, гевея және хин ағашы да өсіріледі. Қолөнерден -темір ұстасы, керамика, тоқу, тоқымашылық, ағаш ою дамыған.Народы и культуры Кпелле https://travel-journal.ru/ethno/38/815/
Өмір салты Дәстүрлі қоғамдық ұйымға көп балалы отбасылар, туыстық есепке патрилинейлік, құпия одақтарға (ерлер – поро, әйелдер – санде) кіреді. Неке қонысы вирилокалды болып табылады. Полигиния, левират, кездеседі.
Дәстүрлі наным-сенімдерге ата-бабалар культі (кофо, гофо), табиғат күштері, тотемизм, фетишизм, сиқыршылық пен бақсылыққа сену жатады.
Олар шағын ауылдық қауымдастықтарда тұрады, елді мекендердің орталығында олардың ата-бабаларының қабірлері бар. Үйлері балшықпен сыланған дөңгелек, шөп немесе сабан төбесі бар конустық болып келеді.
Дәстүрлі киімдері - жамбасты жауып тұратын таңғыш.
Негізгі тағам - күріштен, жүгеріден, ащы көкөніс дәмдеуіштері мен пальма майынан жасалған жармалар мен бұқтырылған тағамдар.народы мира / Кпелле http://www.etnolog.ru/people.php?id=KPEL
Дереккөздер
Санат:Либерия халықтары Санат:Гвинея халықтары