Балқаш әуежайы — Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының әуежайы. ИАТА: BHX. ИКАО: UAAH.
Қолданылуы нобай|300x300 нүкте|Балқаш әуежайының қасбеті Балқаш әуежайы "Жезқазған Эйр" АҚ авиакомпаниясының филиалы болып табылады, оның 100% акциясы өз кезегінде "Қазақмыс" ЖШС-не тиесілі.
Әуеайлақта әскери авиация — ұшу құрамын даярлау орталығы (Л-39 ұшақтары) орналасқан. Сондай-ақ, әуеайлақ аумағында парашютпен секіретін Балқаш авиациялық-спорт клубы орналасқан. Балқаш әуежайының рейстері:Бағыт: (2018 жылғы жағдай бойынша)https://www.inform.kz/ru/v-aeroportu-balhasha-nachalis-raboty-po-rekonstrukcii-vzletno-posadochnoy-polosy_a3256554Тасымалдаушы:АлматыSCATАстанаЮжное небоhttps://bnews.kz/ru/news/kuda_kazahstantsi_poletyat_otdihat_letom_rasskazali_v_kga АлматыЮжное небо
Қарулы Күштердің қабылданған түрлері Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-28, Ил-76, Л-410, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42 және т.б. 3-4 класты ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар. Ұшу-қону жолағының жіктелу саны (PCN) 20/R/A/X/T. бұрын жер асты ұшу-қону жолағы да жұмыс істеген, бірақ кейін ол жабылды.
Тарихы Балқаш әуежайы (Бертіс) өз қызметін 1933 жылы бастаған. Алғашқы бағыттар Балқаш — Алматы, Балқаш-Қарағанды, Балқаш — Омбы, Балқаш — Новосибирск болды (олар туралы жоғарыда айтылған). Кейінірек әуежай КСРО-ның көптеген қалаларына ондаған рейстер жіберді.
1990 жылдардың басынан бастап тұрақты рейстер орындалмады.
нобай|оңға|215px|Әуежайдың 2005 жылғы хәлі. Әуежай маңында 5-қабатты пәтер орналасқан
2007-2008 жылдары "Қазақмыс" ЖШС қаржылық қолдауы есебінен әуежайдың аэровокзалы мен ішінара ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізілді. 2011 жылдың жазынан бастап тұрақты рейстер қайта басталды. 2012 жылдың қазан айына жиілігі аптасына 3 рет Жезқазған мен Қарағандыға ("Жезқазған Эйр"Әуекомпаниясы) рейстер орындалды. http://aviaengeneer.ru/istoriya-aviatcii-balkhasha
2018-2019 жылдары ұшу-қону жолағын жөндеу бойынша барлық жұмыстарды толық аяқтау жоспарлануда. Бұл жағдайда әуежай кез-келген кластағы әуе рейстерін қабылдай алады. https://www.zakon.kz/4918968-aeroport-balhasha-smozhet-prinimat.html
2021 жылы Балқаш әуежайы мемлекет меншігіне берілді. Балқаш әуежайы жергілікті әкімдіктің коммуналдық меншігіне қабылданды. Берілген нысандардың қатарында аэровокзал ғимараты, рульдеу жолы және перрон бар. Толық жаңартудан кейін әуежай үлкен ұшақтарды қабылдай алады. «Қазақмыс» корпорациясы сараптама қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттаманы ұсынды. Ол бойынша қажетті сома анықталды. 2022 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді деп жоспарлануда. Толық қайта іске қосылғаннан кейін Балқашқа 1-ші және 2-ші кластағы (Boeing, Airbus және басқалары) үлкен ұшақтар келе алады. Жөндеу кезінде әуежай штаттық режимде жұмыс істейтін болады. https://egemen.kz/article/282362-balqash-auedgayy-memleket-menshigine-berildi
2026 жылғы 1 маусымда жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылған Балқаш әуежайы алғашқы рейстерді қабылдап, жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Алғашқы рейс бүгін таңғы сағат 11:00-де Балқаштан Алматы қаласына ұшты. Ал Астанадан шыққан алғашқы ұшақ сағат 13:25-те әуеге көтеріліп, Балқашқа 14:35-те қонды. Осылайша әуежай күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін алғашқы жолаушыларын қабылдады.Балқаш әуежайы жөндеуден кейін алғашқы рейстерді қабылдады
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы әуежайлары