Ресей Федерация Кеңесі (, қысқартқанда , 2020 жылдан бері ресми түрде Ресей Сенаты, ) — Ресей Федералдық жиналысының (Ресей парламенті) жоғарғы палатасы.
Ресейдің 89 федералдық субъектілерінің әрқайсысынан (оның ішінде халықаралық түрде мойындамаған 2014 жылы аннексияланған екеуі және 2022 жылы тағы төртеуі) екі сенатор жіберіледі, жалпы Кеңес 178 сенатордан тұрады.
Федералдық Жиналыстың екі палатасы физикалық түрде жеке орналасқан, мысалы Мемлекеттік дума Мәскеудің басқа бөлігінде орналасқан.
Мұрагерлiк мақсаттары үшiн Федерация Кеңесiнiң төрағасы Ресей Федерациясындағы президент пен премьер-министрден кейiнгi үшiншi ең жоғары лауазым болып табылады. Президент пен Премьер-министр қабілетсіз болған жағдайда, Федерация Кеңесінің төрағасы Ресей Федерациясы Президентінің міндетін атқарушы болады.
Құқығы Кеңеске заң жобаларын әзірлеуде және дауыс беруде Мемлекеттік думамен бірлесіп жұмыс істеу жүктелген. Бюджетке, кедендік реттеуге, несиелік мониторингке және халықаралық шарттарды ратификациялауға қатысты федералдық заңдарды Мемлекеттік Думадан қабылдағаннан кейін Кеңес қарауы керек.
Федерация Кеңесінің сенаторларына ғана берілетін ерекше өкілеттіктер: Ресей Федерациясының субъектілері арасындағы шекарадағы өзгерістерді бекіту; Ресей президентінің соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығын бекіту; Ресей президентінің төтенше жағдайды енгізу туралы жарлығын бекіту; Ресей Қарулы Күштерін Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерде пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау; Ресей президентінің сайлауын жариялау; Ресей президентіне импичмент жариялау; Ресей Конституциялық сотының, Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының, Ресей Федерациясының Федералдық Үкіметінің Жоғарғы Төрелік сотының судьяларының кандидатурасы жайлы Президенттің ұсынысын мақұлдау; Ресей президентінің Бас Прокурорының кандидатурасын мақұлдау; Есеп палатасы төрағасының орынбасарын және аудиторлардың жартысын тағайындау.
Төрағаларының тізімі № Суреті Аты-жөні(Өмір сүрген жылдары) Субъектісі Қызметі Партиясы 1 125px Владимир Шумейко(1945–)Калининград облысы 13 қаңтар1994 23 қаңтар1996 Партиясыз 2 125px Егор Строев(1937–) Орёл облысы 23 қаңтар1996 5 желтоқсан2001 Партиясыз 3 125px Сергей Миронов(1953–)Санкт-Петербург 5 желтоқсан2001 18 мамыр2011 Партиясыз(2001–2002)↓(2002–2006)↓Әділ Ресей(2006 бері) – 125px Александр Торшин(1953–)()Марий Эл 19 мамыр2011 21 қыркүйек2011 Біртұтас Ресей 4 125px Валентина Матвиенко(1949–)Санкт-Петербург 21 қыркүйек2011 Біртұтас Ресей
Қосымша ақпарат
Дереккөздер
Санат:Елдер бойынша парламенттердің жоғарғы палаталары Санат:Ресей Федерациясының саясаты