Луба (балуба) — банту тобының, Конго Демократиялық Республикасының ең үлкен халқы.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/linguistics/text/2149372 Жалпы саны шамамен 11 млн.адамды құрайды.Луба https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/309858

Тілі Тілі — луба тілі. Диалектілері: чилуба, или касаи, лулуа, кисиланге.ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%BB%D1%83%D0%B1%D0%B0

Діні Сенушілердің діни байланысы: католиктер, сүнниттік мұсылмандар, дәстүрлі нанымдар.Современная энциклопедия Луба https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/202622-luba/

Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері: қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, тары, жеміс-жидек, көкөніс, маниок, ямс), аңшылық және терушілік, қолөнерден (металлургия, ұсталық, тоқымашылық, тоқу, керамика, ағаш ою). Халық тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейді.Народы и культуры Луба

Өмір салты Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізі – ауыл қауымы. Матрилиндік рулық құрылым сақталған. Отбасы шағын, көп әйел алушылық (дворяндар арасында), әмеңгерлік кездеседі. Тұрмысқа шыққан әйелдер еркіндікке және ажырасуға құқылы. Алмасу некелеріне артықшылық беріледі. Әкелік құқыққа байланысты нормалар (мұрагерлік, некені өтеу және т.б. ережелері) таралуда.

Дәстүрлі тұрғын үйлері – сырықтар мен бұтақтардан өрілген, төбесі пальма бұтақтарымен жабылған конустық пішінді дөңгелек үйлер.

Дәстүрлі киімдері – тігілмеген белдемше – еуропалық және конголық (ерлер үшін кең жейделер және әйелдер үшін ұзын түрлі-түсті көйлектер) киімдермен ауыстырылады.

Лубада бай фольклор (негізгі жанр — жануарлар туралы ертегілер) және құпия қоғамдар сақтайтын тарихи дәстүр бар.

Музыкалық және би мәдениеті дамыған. Негізгі музыкалық аспаптар — барабандар және маримба (пернетақта).народы мира / Луба http://www.etnolog.ru/people.php?id=LUBA

Дереккөздер

Санат:Конго Демократиялық Республикасы