Беспақыр кесенесі – Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген XIX ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Қорғалжын ауданы, Абай ауылынан шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан.

Сипаты Дөңгелек келген мазар күмбезсіз сфера тәрізді жерлеу камерасынан және конус тәрізді күмбезі бар порталдан тұрады. Биіктігі 2,90 м, ені 6,80 м. Шикі кірпішпен дөңгелектеп қаланған. Есігі шығысқа қарай қаратылып, арка тәрізденіп, ойықшалармен безендіріліп қаланған. Беспақыр архитектуралық көркемдігі жағынан қызығушылық тудырады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Ақмола облысы сәулеті Санат:Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан кесенелері