Никлас Фюллькруг (; 9 ақпан 1993) — неміс футболшысы, Дортмунд Боруссиясының және Германия құрамасының шабуылшысы.
Карьерасы 2022 жылдың қарашасында Фюллкруг Катарда өтетін әлем чемпионатына Германия құрамасына шақырылды. Ол ұлттық құрама сапындағы дебютін Оманға қарсы жолдастық матчта өткізді, ойын барысында алаңға шығып, матчтағы жалғыз голды соқты, сонымен қатар соңғы 20 жылда ұлттық құрама сапында дебют жасаған ең қарт алаң ойыншысы болды.
27 қарашада Фюллкруг әлем чемпионатындағы алғашқы голын соғып, Испанияға қарсы ойында есепті теңестірді (1:1) және командаға турнирдегі бірінші ұпайды әкелді. 1 желтоқсанда Коста-Рикамен 4:2 есебімен жеңіске жеткен ойында да гол соқты, бірақ Германия топтық кезеңнен турнирден шыға алмады, өйткені гол айырмашылығы бойынша топта үшінші орын алды.
Жетістіктері
Жеке
Бундеслиганың үздік бомбардирі: 2022/23 (16 гол) Бундеслигада маусымның символикалық командасына енді: 2022/23 VDV бойынша Бундеслигада маусымның символикалық командасына енді: 2022/23 Дереккөздер
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вердер ФК ойыншылары Санат:Гройтер ФК ойыншылары Санат:Нюрнберг ФК ойыншылары Санат:Ганновер 96 ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары