Евгений Александрович Эктов (1 қыркүйек 1986, Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық жеңіл атлетші (үш рет қарғып секіру), Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Өмірбаяны Жаттықтырушылар: Александр Эктов пен Нина Эктова. 2011 жылы Кобеде өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. Азия чемпионаттары мен Азия ойындарының бірнеше жүлдегері. Ғұсман Қосанов мемориалында (Алматы) үш рет қарғып секіруде 17,22 м нәтиже көрсетіп, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына лицензия жеңіп алды. Олимпиадада небәрі 16,31 м секіріп, 19-орын иеленіп, алдын ала кезеңде өз өнерін аяқтады.

Үздік нәтижелері ашық алаңда ұзындыққа секіру — 7,77 — Бішкек (31.05.2008) үш рет қарғып секіру — 17,22 — Алматы (30.06.2012) жабық ғимаратта үш рет қарғып секіру — 16,44 — Ханой (02.11.2009)

Отбасы Үйленген. Әйелі — Ирина Литвиненко — қазақстандық жеңіл атлетші (үш рет қарғып секіру). Яна есімді (2010 ж.т.) қызы бар.

Сілтеме Евгений Эктов «Worldathletics» сайтында

Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:Қазақстанның үш рет қарғып секірушілері Санат:2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Жеңіл атлетикадан Азия чемпиондары