thumb|Сфера Сфера ( – шар)“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, математикада – барлық нүктелері бір нүктеден (сфера орталығынан) бірдей қашықтықта болатын тұйық бет. Сфера орталығын оның кез келген бір нүктесімен қосатын кесінді (сондай-ақ оның ұзындығы) сфераның радиусы деп аталады. Сфера бетінің ауданы: S = 4pR2, мұндағы R – сфера радиусы.

Сферамен шектелген әрі орталығы бар кеңістіктің бөлігі шар деп аталады. Шардың көлемі: V = 3/4pR3

Аналитикалық геометрия тұрғысынан сфера 2-ретті центрлік бетке жатады. Оның тік бұрышты координаттар жүйесіндегі теңдеуі (x–a)2+(y–b)2+(z–c)2 = R2 түрінде жазылады, мұндағы a, b, c – сфера орталығынің координаттары (қараңыз Сфералық геометрия, Сфералық тригонометрия).Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2

Дереккөздер

Санат:Беттер