Үшарал әуежайы — әуежай Жетісу облысы, Алакөл ауданында, Үшарал қаласынан батысқа қарай 5 км жерде. 1970 жылы Жоңғар қақпасында орналасқан гарнизонды қолдау үшін әскери аэродром ретінде құрылды. 1990 жылдардың басына дейін "Уч-Арал" атауын иеленген.
1-классты әуеайлақ, Ил-76, Ан-22, Ту-154 және одан да жеңіл ұшақтарды, сондай-ақ барлық түрдегі тікұшақтарды қабылдауға қабілетті.
Әуеайлақта ҚР ІҚМ 486-шы тікұшақ полкі (Ми-24, Ми-8 тікұшақтары) орналасқан.
Тарихы 1992 жылға дейін аэродромда 10-шы истребитель авиациялық дивизиясының құрамына кіретін 27-ші истребитель әуе полкі (МиГ-21 ұшақтары) орналасқан. Алматыдан (Як-40 ұшақтары) және Талдықорғаннан (жергілікті елді мекендердің әуеайлақтарында аралық қонулармен, Ан-2 ұшақтарымен) тұрақты азаматтық рейстерді қабылдады.
2015-2017 жылдары әуежайдың ұшу-қону жолағы жөнделді, жаңа такси жолы мен 2 ұшаққа арналған алжапқыш, жаңа терминал ғимараты салынды. 2017 жылдың 21 шілдесінде әуежай азаматтық маусымдық рейстерді қабылдай бастадыСегодня открылось авиасообщение Астана-Ушарал // Комитет автомобильных дорог (21 июля 2017). Әуежай құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілді. Құрылыс жұмыстарын "ASD Group"ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізді В городе Ушарал открылся аэропорт // «Vласть» (21 июля 2017).
2018 жылы ішкі туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік субсидиялау бағдарламасының арқасында Үшарал қайтадан Алматыдан тікелей рейстерді қабылдай бастады. Бұл Қазақстанның көптеген қалаларынан емдік қасиеттерімен танымал тұзды ағынсыз Алакөл көлінің жағасындағы емдік санаторийлерге дейінгі маршруттарды жеңілдетті.
Авиакомпаниялар мен бағыттар 2019 жылғы ақпарат бойынша
Рейстер шілдеден қазанға дейін орындалады. Яковлев Як-40, Bombardier CRJ200 ұшақтары қолданылады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Сегодня открылось авиасообщение Астана – Ушарал // ҚР Автомобиль жолдары комитеті, 21.07.2017 В городе Ушарал открылся аэропорт // Vласть, 21.07.2017 Аэропорт Ушарал // Aerovokzal.kz Сколько стоит долететь до Алаколя? // Tengrinews.kz, 21.07.2017 Озеро Алаколь стало ближе // Zakon.kz, 21.07.2017 Аэропорт Ушарал готов к приему рейсов // Огни Алатау, 10.08.2022 Быстро, дёшево, удобно // Time.kz, 24.07.2017
Санат:Жетісу облысы әуежайлары