Революция ауданы — Қазақ АКСР-нің Ақмола округінің 1928-1930 жылдары болған әкімшілік бірлігі. Орталығы – Ақмола қаласы.
Тарихы Революция ауданы 1928 жылы Ақмола округінің құрамында Ақмола губерниясы Ақмола уезінің Революция және жартылай Калинин, Объединённый болыстарының бөліктері негізінде құрылды. 1930 жылы аудан таратылып, аумағы Ақмола, Нұра және Еркіншілік аудандары арасында бөлінді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның таратылған аудандары