Мұсылман жастарына арналған Баймұхамбет Қосшығұловтың мектебі — Астана қаласындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.

Ағайынды Қосшығұловтардың өз қаражаттарына салдырып, мұғалімдері мен шәкірттеріне жалақы, стипендия төлеп тұрған ұлттық білім ордасы ғимаратында бүгінгі күндері банк бөлімшесі орналасқан.

Қосшығұловтар әулеті — XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ақмола өңірінде сауда-саттықпен айналысып, ірі өнеркәсіп орындарын ашқан алғашқы бай-ауқатты отбасыларының бірі. Жергілікті өлкетанушылардың деректеуінше, әулет басы Баймұқамбет Қосшығұлов — Қараөткел маңын жайлаған кедей жатақтары арасында өскен жетім жігіт. Қайырымдылығы мен қарапайымдылығы үшін замандастары Байкөп атандырған. Оның алты ұлы мен бір қызы болған. Ол саудагерлердің жағдайын жасау мақсатымен Керуен Сарай салдырды, екіқабатты кондитер фабрикасының жұмысын жүргізді, бірнеше ірі дүкенге иелік етті. 1929 жылы бұл нысандарды жергілікті кеңес өкіметі түгел тәркілеп алған.Астана. 20 жылдық шежіресі — Астана: «Дәуір», 2018.

Бастапқыда ғимарат бірқабатты болған. Екінші қабат 1986 жылғы реконструкцияның нәтижесінде пайда болды.Косшыгулов и шоколадная фабрика: что связывало казахского купца и российского императора

Дереккөздер

Санат:Астана ескерткіштері Санат:Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Астана қаласы сәулеті