Обаған — Қостанай облысы Алтынсарин ауданы, Обаған ауылдық округі құрамындағы ауыл, аудан орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Қостанай қаласынан шығысқа қарай 49 км-дей жерде, қоңыржай құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 659 адам (307 ер адам және 352 әйел адам) болса, 2009 жылы 513 адамды (248 ер адам және 265 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1902-06 жылдары қалана бастады. 1962-96 жылдары астық өндіретін “Чураковский” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Обағанда 9 шаруа қожалығы және 3 ЖШС жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Алтынсарин ауданы елді мекендері