Тарахумара — Мексикада тұратын үндіс халқы. Халық саны 121 835 адам. Тарахумара теңіз деңгейінен 1500–2400 м биіктікте Сьерра-Тарахумара деп аталатын Батыс Сьерра-Мадре бөлігінде Чиуауа штатының оңтүстік-батысында шамамен 65 000 км² аумақты алып жатыр.

Тілі Олар тарахумара тілінде сөйлейді. Испан тілі де таралған.

Діні Діни сенушілер — католиктер.

Тарихы Испандық отарлау кезінде (XVII—XVIII ғасырлар) жазықтарда қоныстанған тарахумара тауларға ығыстырылды.

Кәсібі Тарахумаралар егіншілікпен (жүгері, картоп, бұршақ, асқабақ) және мал шаруашылығымен (шошқа, ұсақ мал, негізінен ешкі ұстайды), құс өсіреді, плантацияларда және ағаш кесуде жалдамалы жұмыс істейді. Керамика өндірісі дамып, әйелдер қарабайыр көлденең тоқыма станогында, себеттер, төсеніштерде тоқиды.

Тұрмыс салты Қауымдық өзін-өзі басқару және өзара көмек көрсету (корима) дәстүрі сақталған. Әр аймақта көсем (сириаме) басқаратын орталық (пуэбло) бар.

Елді мекендерде 5-тен 20-ға дейін отбасы бар. Үй ауласы тік бұрышты тастан немесе бөренелермен жабылған тұрғын үйден және ішкі ауланы қоршап тұрған 1-2 қорадан тұрады.

Ерлер киімі белдемшеден (тагора) немесе шалбардан, мақтадан немесе жүннен тоқылған ұзын жейдеден, жамылғыдан тұрады. Шашты лентамен немесе шарфпен байлайды. Әйелдер тігусіз блузка, жүннен тоқылған белдемше және жамылғы киеді. Барлығы дерлік жалаң аяқ жүреді.

Негізгі тағам – жүгері ботқасы (пинол), картоп, бұршақ, ал мереке күндері – ет, жүгері сырасы (тесгуино).

Дереккөздер

Санат:Солтүстік Америка үндістері Санат:Мексика этникалық топтары