Берік Есенұлы Әбдірахманов (20 маусым 1986 жылы, Ақтау) — қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 2013 жылғы Азия чемпионы. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың қатысушысы.

Мансабы Ақтауда Руслан Амалбековта бірге жаттығады.

APB рейтингіне сүйенсек, Қазақстанда бірінші болып 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама алғанымен, бірінші жекпе-жегінде америкалық Карлос Балдерастан жеңіліп қалды. Осыдан кейін ұлттық құрамадан кетуге шешім қабылдады. Бірақ 2017 жылы Қазақстан біріншілігін екінші рет жеңіп алып, ұлттық құрамаға қайта оралды.

Жетістіктері Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері – 2010 ж. Әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы – 2010 ж. Қазақстанның екі дүркін чемпионы – 2012 және 2017 ж. Аммандағы (Иордания) Азия чемпионы – 2013 ж. Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері – 2013 ж. Галледе (Германия) өткен «Chemistry Cup» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері — 2014 ж. Астана қаласында өткен «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» IV халықаралық турнирінің жеңімпазы – 2014 ж. 2017 жылғы тамызда — Ахмат Қадыровты еске алуға арналған бокстан IX халықаралық турнирдің жеңімпазы (Грозный, Ресей).

Сілтеме Берік Әбдірахманов

Дереккөздер

Санат:Қазақстан боксшылары Санат:Бокстан Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Бокстан Азия чемпиондары