Робер Брессон (; 25 қыркүйек, 1901, Бромон-Ламотт, Франция — 18 желтоқсан,1999, Дру-сюр-Друэтт, Франция) — франциялық кинорежиссёр және сценарийші. Өзіне тән аскетикалық бағытымен танымал Брессон кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның кәсіби емес актерлерді тартуы, сюжеттегі эллипсис (сюжеттегі маңызды сәттерді өткізіп жіберу) әдісі және музыкалық сүйемелдеуді барынша шектеуі режиссер туындыларын минималистік киноның озық үлгісіне айналдырды. Оның шығармашылығына, негізінен, трагедиялық желі мен терең драмалық сипат тән.

Брессон — әлемдік кино тарихындағы ең беделді режиссерлердің бірі. Оның бірден жеті туындысы 2012 жылы «Sight & Sound» журналы жүргізген сыншылар сауалнамасы бойынша «Барлық заманның ең ұлы фильмдері» тізіміне енді — бұл рекордтық көрсеткіш. Оның «Өлім жазасына кесілген адам қашты» (1956), «Қалта ұрысы» (1959) және «Балтазар, қалай болғанда да» (1966) туындылары үздік жүздіктің қатарынан көрінсе, «Мушетт» (1967) мен «Ақша» (1983) фильмдері де жоғары бағаға ие болды. Жан-Люк Годар кезінде: «Достоевский орыс романы үшін, ал Моцарт неміс музыкасы үшін қандай маңызды болса, ол да француз киносы үшін дәл сондай тұлға», — деп жазған болатын.

Фильмография

Дереккөздер