Сатоси Кон (; , Саппоро, Хоккайдо — , Токио, Жапония) — Жапон режиссері, аниматор, сценарийші және мангака.
Өмірбаяны Кон жас кезінен бастап манга мен анимеге, атап айтқанда «Mobile Suit Gundam» франшизасына, сондай-ақ Алан Мур мен Фрэнк Миллердің батыстық комикстеріне қызығушылық танытты. Бұл, сондай-ақ ағасының үлгісі оны сурет салуға итермеледі.Арсений Крымов Сатоси Кон и его умное аниме | Аниме | Мир фантастики и фэнтези
1990 жылы оның «Теңізге оралу» атты алғашқы кәсіби жұмысы жарық көрді. Сатоши Кон суретші болу үшін Мусасино өнер университетінде оқыды, содан кейін Кацухиро Отомомен бірге «World Apartment Horror» мангасында жұмыс істеді, ал 1991 жылы Отомо сценарийі бойынша «Roujin Z» анимесінің режиссері болды.
Сатоши Кон өзінің анимациялық көркем фильмдерімен танымал. Алғашқы екі фильм – «Мінсіз мұң» (Perfect Blue 1998) және «Мыңжылдық актриса» (2001) актрисаның мансабы туралы баяндайды - бірінші жағдайда қиын мансап, ал екіншісінде бақытты. «Токио өкіл әкелері» (2003) - жапондық қаңғыбастар мен көшедегі сәби ойнайтын Рождестволық ертегісі. «Паприка» (2006) ғылыми фантастикалық фильмі адамдардың армандарын басқаруға мүмкіндік беретін құрылғы туралы айтады. Сатоши Конның фильмдері гиперреалистік графикамен, психологиялық сюжетімен және иллюзия мен шындықтың араласуымен ерекшеленеді.
Ол Токиода 46 жасында ұйқы безінің қатерлі ісігінен қайтыс болды. Өлім алдында ол «Dreaming Machine» жұмыс атауы бар жаңа толықметражды аниме бойынша жұмыс істеді.
Фильмография Жыл Қазақша аты Түпкі аты 1997 Мінсіз мұң パーフェクト・ブル / Perfect Blue 2001 Мыңжылдық актриса 千年女優 / Millennium Actress 2003 Токио өкіл әкелері 東京ゴッドファーザーズ / Tokyo Godfathers 2004 Паранойя агенті (сериал) 妄想代理人 / Paranoia Agent 2006 Паприка パプリカ / Paprika
Дереккөздер