Динара Рустамқызы Наумова (8 қыркүйек 1997, Ақмола, Қазақстан) — қазақстандық қоғам қайраткері және саясаткер, 2026 жылдан бергі Respublika партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты. Бұрын Наумова Қазақстан Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болатын.
Өмірбаяны Наумова БМС диагнозымен дүниеге келді. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылындағы №41 мектептің 9-сыныбын бітірген. 2017 жылы ол Технология және бизнес колледжін «Мұнай және газды өңдеу технологы» мамандығы бойынша, 2021 жылы — Қазақ технология және бизнес университетінде «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2018 жылы Наумова «Startup Bolashak: Менің арманым» республикалық бизнес жобалар конкурсының жеңімпазы болды. 2018 жылы – Алматы қаласындағы «Professionalize Kazakhstan» бизнес мектебінің түлегі.
2021 жылғы желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наумоваға ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған емдік дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салу идеясын жүзеге асыру үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыс етті.
2022 жылдан бастап ол — президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі болды.
2022 жылдан бастап ол — ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.
2022 жылғы шілдеде ол Қабанбай батыр ауылында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Қазақстандағы бірінші инклюзивті фитнес орталығын ашты.
2023 жылғы 29 наурыздан бастап ол — «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.
2026 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде Динара Рустамқызы Respublica партиялық тізімі арқылы 2026 жылғы 28 тамызда Қазақстан Құрылтайының депутаты атанады.
Марапаттары «Ерен еңбегі үшін» медалі (2023)
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары