Абай атындағы мектептер желісі Гуманитарлық білім беруді дамыту мақсатында (қазақ әдебиеті, журналистика, ақындық өнер – "Толық адам" идеясын іске асыру) Абай атындағы мектептер желісін құру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Абай атындағы мектептер 12 өңірде жұмыс істейді. 2027 жылға дейін қалған 8 өңірде ашу жоспарланған.Қазақстанда мамандандырылған мектептер желісі ашылады № Аты Орналасқан жері 1 Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интер­наты Алматы қ. 2 Абай Құнан­бай­­ұлы атындағы №87 мектеп-гим­назия Астана қ. 3 №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы Шымкент қ. 4 Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты Абай облысы, Қарауыл а. 5 Абай атындағы Алматы об­лыстық мамандандырылған гимназия-интернаты Алматы қ. 6 Абай атындағы (қазақ тілінде оқы­­ты­латын) дарынды бала­ларға ар­налған №3 облыстық маман­дандырылған мектеп-интернаты Ақмола облысы, Көк­шетау қ. 7 Абай атындағы маман­дан­ды­рылған мектеп-гимназия-интернаты Атырау облысы, Аққыстау а. 8 Облыстық да­рынды балаларға арналған Абай атын­дағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты Батыс Қазақстан облысы, Подстёпное а. 9 Абай атындағы маман­дандырылған да­рынды балаларға арнал­ған қазақ тілі мен әдебиетін терең­дете оқытатын мек­теп-интер­наты Жамбыл облысы, Тараз қ. 10 Абай атындағы ма­ман­­дандырылған мектеп-интернаты Ұлытау облысы, Жез­қазған қ. 11 Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған маман­дандырылған сыныптары бар мектеп Қызылорда облысы, Қызылорда қ. 12 Абай атындағы маман­дан­дырылған қазақ мектеп-гимназиясы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. 13 Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия Павлодар облысы, Павлодар қ.Абай мектебі желісін дамытуға не кедергі?

IT-мектептер желісі 2018 жылдан бастап республика бойынша ашыла бастаған IT-мектептер негізінде О. Жәутіков атындағы IT мектептер желісі құрылады. Мұндай IT мектептердің ерекшелігі — IT-технологиялар саласындағы мамандандыру, ерте профильдеу, робототехника мен бағдарламалауды, 3D модельдеуді және т.б. тереңдетіп оқытады. № Аты Орналасқан жері Ашылған жылы 1. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты Тараз қ. 2. Мамандандырылған IT лицей Ақтау қ. 3. Жұмабек Ташенов атындағы №23 IT-мектеп-лицейі Түркістан қ. 4. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №27 ІТ-мектеп-лицей Түркістан қ. 5. Қ. Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі Шымкент қ. 6. №80 IT мектеп-лицейі Шымкент қ. 7. №89 IT мектеп-лицейі Шымкент қ. 8. Әл-Фараби атындағы IT лицейі Көкшетау қ. 9. Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей Петропавл қ. 10. Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі Өскемен қ. 11. IT мектеп-лицей Атырау қ. 12. Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты Орал қ. 13. Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейі Ақтөбе қ. 14. С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейі Қызылорда қ. 15. С. Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология мектеп-лицейі Қызылорда қ. 16. І. Қабылов атындағы №12 ақпараттық технология мектеп-лицейі Қызылорда қ. 17. №187 М. Шоқай атындағы ақпараттық технология мектеп-лицейі Қызылорда қ. 18. №278 ақпараттық технология мектеп-лицейі Қызылорда қ. 19. "Ақпараттық технологиялар" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты Қарағанды қ. 20. Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі Талдықорған қ. 21. "Озат" мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты Қостанай қ. 22. Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты Шымкент қ.

Қ. Сәтбаев атындағы мектептер желісі Инженерлік-техникалық бағыттағы Қ. Сәтбаев мектептер желісін құру жоспарлануда. Мұндай мектептер инженерлік-техникалық бағытта (физика, математика, информатика, химия және географияны тереңдетіп оқыту) білім беретін болады.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мектептері