2024 жылғы 5 қарашада өткен 2024 жылғы АҚШ президент сайлауы ел тарихындағы 60-сайлау болды. Сайлаушылар алқасы АҚШ халқының даусына сүйене отырып, 2024 жылғы желтоқсанда 4 жылдық өкілеттігі 41 күннен кейін басталатын келесі АҚШ президенті мен вице-президентін таңдады. Сайлау күні, оған қоса, Конгресстің екі палатасы да сайланды: Өкілдер палатасы мен Сенаттың үштен бірі.

Үміткер болатын қазіргі президент және демократ Джо Байден бастапқыда қайта сайланамын деп жүріп, Демократиялық партияның праймеризінде қарсылыққа тап болмай, жеңіп шықты. Оның бұл жердегі сайлануына болған ең ірі кедергісі — Газа соғысына деген көзқарасына наразылық білдіре отыра «бәріне қарсымын» деп дауыс бергендер. 2024 жылғы маусымдағы президенттік пікірталаста сәтсіз болған ол 21 шілдеде жасына, денсаулығына және басқа да себептерге байланысты көрген сыннан кейін ол өзінің кандидатурасынан бас тартып, қайта сайланбаймын деп, сол күні сайлауалды науқанын бастаған вице-президент Камала Харриске қолдау көрсетті. Байденнің кетуі оны 1968 жылғы Линдон Джонсоннан бергі қайта сайлануға түспеген қазіргі президенттің алғашқысы етті де, тарихта бірінші болып номинацияны жеңіп алу үшін жеткілікті делегаттар жинап, өз кандидатурасын алып тастаған үміткер болды. 6 тамызда Демократиялық партияның атынан шығатын ресми үміткер Харрис болды. Келесі күні ол өзінің сайлауалды серіктесі ретінде Миннесота губернаторы Тим Уолзды таңдады.

Байденнің республикашыл ізашары Дональд Трамп, керісінше, осы сайлауға қатысатынын және қайта сайлануға деген үмітінің бар екендігін мәлімдеді де, кейін партияның ресми үміткері болды. Трамп, сонымен қатар, Республикалық партияның праймеризінде аз қарсылыққа тап болып, Никки Хейлиге қарсы оңай жеңді. Трамп өзінің сайланған серіктесі, Огайо штатының сенаторы Джей Ди Вэнспен бірге 2024 жылғы 15 шілдеде 2024 жылғы Республикалық ұлттық съезінде номинацияға ие болды. Сайлау қарсаңында, 2024 жылғы 30 мамырда Трампқа жалған қаржылық құжаттама жасады деген сияқты 34 айып тағылды да, оны сот кінәлі деп көрді де, ол қылмыскер болған алғашқы бұрынғы президент болды.

Сайланғанның инаугурациясы 2025 жылғы 20 қаңтарда орын алады. Сол күні президенттік сайлаумен қатар АҚШ халқы Сенат пен Өкілдер палатасының депутаттарын, сондай-ақ жергілікті әкімшіліктерді сайлайтын болады.

Аборт, иммиграция, денсаулық сақтау, білім беру, экономика, сыртқы саясат, шекара қауіпсіздігі, ЛГБТ құқықтары, жаһандық жылыну мен демократия сайлауалды науқанның жетекші мәселелері болды.

2024 жылғы 6 қарашада 277 сайлаушының даусын алған Трамп АҚШ-тың келесі президенті болып сайланды. Ол қызметін 2025 жылғы 20 қаңтарда бастамақ.

Сайлау жүйесі 227x227px|нобай|оңға|Сайлауға дейін қызмет еткен президент Джо Байден, оның мерзімі 2025 жылғы қаңтарда аяқталды. Барысы АҚШ Конституциясының екінші бабына сәйкес, ел аумағында туған және онда кемінде 14 жыл тұратын, сондай-ақ дауыс беру кезінде 35 жасқа толған АҚШ азаматы ғана президенттікке ұсынылуы мүмкін. АҚШ вице-президенттігіне үміткерге де дәл осындай талаптар қойылады. Президенттікке үміткерлер өздерінің саяси партияларынан, әдетте, праймериз бен кокустардың нәтижелері бойынша ұсынылады, олардың барысында ұлттық партия съезінде белгілі бір үміткерге дауыс беруге уәкілеттік берілген делегаттардың саны айқындалады. Ұлттық партия съезі сондай-ақ тиісті тізімдерді қалыптастыру үшін вице-президенттікке үміткерді анықтайды.

Жалпы сайлау жанама болып табылады және екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезеңде сайлаушылардың дауыс беруі өткізіледі. Дауыс беру сайлау учаскесінде, не пошта арқылы жасалады. Егер дауыс беру күндізгі форматта өтсе, сайлау комиссиялары дауыстарды есептеуді жәшіктерді ашқаннан кейін жүзеге асырады. Пошта арқылы дауыс берген жағдайда бюллетеньдерді санау арнайы сканерлеу құрылғыларының көмегімен немесе қолмен жүргізіледі (сайлаушының мәртебесі алдын ала тексеріледі, сондай-ақ дауыс беруге қатысушының жеке қолы салыстырылады). Екінші кезең — Сайлаушылар алқасының дауысы. Алқада барлығы 50 штат пен Колумбия округінің әрқайсысын ұсынатын 538 сайлаушы бар. Әдетте партия белсенділері, бұрынғы саясаткерлер және үміткерлердің бірінің жақтастары комиссия мүшелері болып табылады. Бұл ретте конгрессмендер мен мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар сайлаушылар бола алмайды. Штаттан сайлаушылардың тізімі жалпыға бірдей дауыс беру өткізілгенге дейін бекітіледі. 50 штаттың 48-інде және Колумбия округінде «жеңімпаз бәрін алады» ережесі бар: мұндай штатта көбірек дауыс жинаған үміткер барлық сайлаушы дауысын ала салады. Ережеден тыс жайт Небраска мен Мэн штаттарында орын алады, онда әр сайлау округінен бір сайлаушы, сонымен қатар жалпы штаттан қосымша екі сайлаушы сайланады.

2024 жылғы 17 желтоқсанда сайлаушылар өз штаттарында дауыс береді де, дауыстары АҚШ Конгрессіне беріледі. 2025 жылғы 6 қаңтарда АҚШ Конгрессінің мүшелері оларды санаймыз деп жиналады. Сайлау алқасының дауыс беру нәтижелерін АҚШ-тың қазіргі вице-президенті бекітеді. Кем дегенде 270 сайлаушы дауысын алған үміткер сайланған АҚШ президенті болады.

Сайлауға араласу АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трамп 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелеріне күмән келтіреді. Сайлау алдындағы сауалнамалар қарапайым америкалықтар арасындағы демократияның жағдайына қатты наразылық білдірді. Либералдар консерваторлар елге автократиялық тенденциялармен қарайды және 2020 жылғы сайлауды жоққа шығару әрекеттері арқылы демократиямызға қауіп төндіреді деп санайды. Көптеген республикашылардың да Трамптың мемлекеттік қызметке орналасуына жол бермеу ниеті бар.

Сайлау картасы 2020 жылғы санақ салдары

2020 жылғы АҚШ санағының нәтижелері шыққанда оған негізделіп АҚШ-тың дауыс беру аудандарының жаңа картасы салынған еді. Бұл сайлау — осы картаны қолданатын тұңғыш сайлау. Мәселен, егер 2020 жылғы сайлау нәтижелері жаңа жүйеде өзгеріссіз қалса және сол сайлау үшін жаңа 2020 жылғы карта қолданылса, Байден Трамптан 303-тен 235-ке дейін дауыс жинаған болар еді, яғни қазіргі президент жалпы үш сайлаушы дауысын жоғалтқан болар еді. Мұндай дауыстарды бөлу тек 2028 жылғы сайлауда сақталады. Қайта карта салу 2030 жылғы АҚШ халқы санағынан кейін қайта жүргізіледі.

Тарихи анықтама 350px|нобай|оңға|АҚШ-тың 50 штаты және Колумбия округі. Штаттардың түс қанықтылығы 2016 және 2020 жылдардағы президенттік сайлауда бір партия кандидатының екінші партия кандидатынан орташа артықшылығының шамасын білдіреді. 2020 жылы саяси векторды өзгерткен штаттар сұр түске боялған. Алдыңғы президенттік сайлауда штаттардың көпшілігі елдің жетекші екі партияның бірінің тірегі болды. Осыған байланысты сайлау цикліндегі маңызды рөл құбылмалы штаттарға беріледі. Бұл сайлау циклінде оларға Висконсин, Мичиган пен Пенсильвания сияқты «тот белдеуі» штаттары, сондай-ақ Невада, Аризона мен Джорджия сияқты «күн белдеуі» штаттары кіреді. Солтүстік Каролина сонымен қатар Трамптың алдыңғы сайлаудағы минималды жеңісін ескере отырып, 1,34 % артықшылықпен «құбылмалы» штаттар ретінде жіктеледі. Айова, Огайо, Техас пен Флорида штаттары сайлаушыларының қалауы 2020 жылғы президенттік сайлауда ауытқып отырғандардың арасында республикашылардың пайдасына айтарлықтай өзгерді, ал Миннесота мен Нью-Гэмпшир штаттары Демократиялық партияны қолдады.

Демократиялық партияның электораты Аналитикалық материалдар демократиялық сайлаушылардың жартысынан азы (44 %) азиялықтар, латиноамерикалықтар, афроамерикалықтар, басқа нәсіл немесе аралас нәсіл, сондай-ақ кем дегенде бакалавр дәрежесі (45 %) бар екенін көрсетеді. Діншіл емес демократиялық сайлаушылардың үлесі 2008 жылдан бастап екі есеге өсті — 18 %-дан 38 %-ға дейін. Бірнеше онжылдықтар бұрын христиандар демократиялық сайлаушылардың басым көпшілігін құрады. Қазіргі уақытта демократтардың жартысынан көбі ғана (54 %) христиандар. 2024 жылғы тамыздағы жағдай бойынша он демократиялық сайлаушының тоғызы, егер сайлау бүгін өткізілсе, Камала Харриске дауыс береміз дейді. Демократиялық сайлаушылардың тағы 5 %-ы тәуелсіз кандидат кіші Роберт Кеннедиді және 4 %-ы АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трампты қолдайды. Демократиялық сайлаушылардың көпшілігі атыс қаруы, денсаулық сақтау шығындары және партиялық даулар сайлау циклінің негізгі мәселелері деп санайды. Соңғы бірнеше онжылдықта демократтар Республикалық партияға нашар қарап жүрді, олар бұрынғы президент Трамп туралы жиі жағымсыз пікір де білдірді.

Республикалық партияның электораты Он республикалық сайлаушылардың сегізіне жуығы (79 %) испанша сөйлемейтін ақтар (ағылшынтілді еуропалықтар). Латиноамерикалықтар, афроамерикалықтар мен азиялық америкалықтар бірге демократиялық сайлаушыларға қарағанда республикалық сайлаушылардың әлдеқайда аз үлесін құрайды (15 % қарсы 39 %). Республикалық сайлаушылардың шамамен үштен екісі (64 %) кем дегенде бакалавр дәрежесіне ие емес. Республикалық сайлаушылардың шамамен үштен екісі (65 %) 50 жастан асқан, республикалық сайлаушылардың тек 8%-ы 30 жастан жас. Он республикалық сайлаушылардың сегізіне жуығы (81 %) өзін христиан конфессиясына қосады. Республикашылар арасындағы ең үлкен діни топ — ақ протестанттық-евангелистер, олар республикалық партияның тіркелген сайлаушыларының 30% құрайды. Республикалық сайлаушылардың тек 15 % өзін діншіл емес дейді. 2024 жылғы шілдедегі жағдай бойынша он республикалық сайлаушылардың сегізден астамы (84 %) егер сайлау бүгін болса, Дональд Трампқа дауыс береміз дейді, ал 13 % кіші Роберт Кеннедиді қолдайды. Тек 3 % Джо Байденді қолдайтын еді. Республикалық векторды ұстанатын республикашылар мен тәуелсіз сайлаушылар арасында 78 % заңсыз иммиграция мен жоғары инфляция сайлау циклінің негізгі мәселе деп санайды. Республикашылдардың оннан алтысына жуығы заңсыз мигранттар депортациялансын деп санайды.

Алғышарттары

2020 жылғы 3 қарашада өткен 2020 АҚШ президент сайлауы нәтижесінде Джо Байден елдің 46-президенті болып сайланды да, ізашары Дональд Трамп президенттігін тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда Трамп қолдаушылары сайлау нәтижелерімен келіспеді де, 6 қаңтарда Капитолийге басып кірді.

Колорадо Жоғарғы Соты, Иллинойс штатының аудандық соты және Мэн штатының Мемлекеттік хатшысы Трампты АҚШ Конституциясындағы он төртінші түзетудің 3-бөліміне сүйене отырып, оның лауазымды атқаруға құқығы жоқ деп шешті. 6 қаңтардағы Капитолийге шабуылдағы рөлі үшін Трамп сайлау бюллетеніне жазылмай да жаздады. Алайда, 4 наурызда АҚШ Жоғарғы Соты штаттар ұлттық сайлауға ешбірдің қатысу құқығын анықтай алмайды деп бірауыздан шешім қабылдады да, Трамптың елдегі әр бюллетеньде бола алатыны шешілді.

Демократиялық партия мүшелерінің арасында Джо Байденнің орнына басқа үміткер ұсыну идеясы талқыланды, алайда сарапшылар кандидаттың ауысуын да, Байденнің өз сайлауалды науқанын тоқтатуын да екіталай көрді. 21 шілдеде Байден сайлануға бармайтынын ресми түрде жариялады.

Үміткерлері Демократиялық партия

нобай|295x295 нүкте|Демократиялық партияның президенттік праймеризіндегі ағымдағы дауыс беру нәтижелері — Джо Байден — Қызметтегі президент Джо Байден 2023 жылдың басында өзінің қайта сайлануға үміті бар болғанын ресми түрде жариялады. 13 наурызда оның кандидатурасы ресмиленді. Алайда тұсында пайда болған инфляциясы, құпия құжаттардың жария болуы жайлы дауы, даулы болған АҚШ әскерін Ауғанстаннан алып тастау шешімі және үлкен жасы (инаугурациясы кезінде Байден АҚШ тарихындағы жасы ең үлкен президенті болды) Байденнің қолдауына үлкен нұқсан келтірді. 2024 жылғы наурызда жасалған сауалнама бойынша АҚШ халқының көпшілігі Джо Байденді президенттікке «тым кәрі» көргенін айтты. Израиль-Хамас соғысындағы Байденнің Израильді қолдағаны оның палестинашыл америкалықтар арасында «Геноцидтік Джо» деп аталып кеткеніне және АҚШ халқы арасындағы Байденді қолдаудың әлсіреуіне әкелді. Алайда осындай және басқа да мәселелерге қарамастан демократтар арасындағы үміткерлердің ең көп қолдау көретіні Байденнің өзі еді.