Әскер түрлерінің бас маршалы () — КСРО Қарулы Күштеріндегі әскери атақтар тобы: Артиллерия бас маршалы (әскер түрі), Авиация бас маршалы (күш түрі), Құрышты танк әскерлері бас маршалы (әскер түрі), Инженерлік әскерлер бас маршалы (арнайы жасақтар) және Байланыс әскерлері бас маршалы (арнайы жасақтар).

Олар «әскер (күш) түрлері және арнайы жасақтар маршалы» («армия генералы» жалпыәскери атағы мен «флот адмиралы» әскери-теңіз шеніне тең) атағынан жоғары дәрежеде тұрды.

Бұл әскери атақ бас әріппен жазыла ма, әлде кіші әріппен жазыла ма деген сұрақ ашық күйінде қалды, өйткені сол кездегі әскери заңнама орыс тілінің ережелеріне қайшы келді.

Тарихы thumb|right|200px|Әскер түрлерінің маршалы мен бас маршалының маршал жұлдызы 1943 жылы 9 қазанда енгізілді.

Барлық кезеңінде «Бас маршал» атағын 4 артиллерист, 7 ұшқыш және 2 танкист алды. Инженерлік және байланыс әскерлерінде бұл атақтар болды, бірақ ешқашан берілмеді.

1983 жылы жалпыәскери «армия генералы» атағынан кейін Артиллерия бас маршалы атағын алған В.Ф. Толубконы қоспағанда, «Бас маршал» атағы ылғи да сол әскер түрі (күш түрі) және арнайы жасақтар маршалы атағын алған тұлғаларға берілді.

1984 жылы «Артиллерия бас маршалы» және «Авиация бас маршалы» атақтары ғана сақталды; қалғандары «КСРО Қарулы Күштері офицерлерінің әскери атақтары туралы» КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1984 жылғы 26 сәуірдегі № 89-XI Жарлығымен жеке әскери атақтардың тізімінен алынып тасталды. Бірақ қалған екі атақ 1984 жылдан кейін берілмеді (соңғы рет сол жылдың 31 қазанында А.И. Колдуновқа берілді). Ақырында 1993 жылы әскери атақтардың тізімінен шығарылды. Бұл атақтың соңғы иегері Авиация маршалы Б.П. Бугаев 2007 жылы 13 қаңтарда қайтыс болды.

кіші әскери шен:Әскер түрлерінің маршалы 35pxӘскертүрлерініңбас маршалы қарулы күштердің жоғарғы шені:Кеңес Одағымаршалы

Қызметақы Бұрын қолданыстағы заңнамаға сәйкес запастағы немесе отставкадағы әскери қызметшілерге тағайындалған «әскер түрлерінің бас маршалы» және «авиация бас маршалы» әскери атағы үшін айлық жалақы 2019 жылы 27 000 рубльді құрады. Осындай жалақы «армия генералы» және «әскер түрлері мен арнайы жасақтар маршалы» әскери атақтары үшін де белгіленді. Айырым белгілері Әскер түрлерінің бас маршалдарының иық белгілерінде алқагүлдермен нақышталған диаметрі 40 мм жұлдыз және әскер түрінің танымбелгісі бейнеленген.

1945-1955 жылдары әскер түрлерінің маршалдары мен бас маршалдарының да жалпыгенералдық киімнен өзгеше киім үлгісі болды.

Әскер түрлерінің (күштердің) және арнайы жасақтардың «қарапайым» маршалдарымен бірдей үлгідегі «Маршал жұлдызы» айырым белгісі болды (сәулелердің арасында гауһар тастарсыз).

Әскер түрлерінің (күш түрлерінің) және арнайы жасақтардың бас маршалдары тізімі Артиллерия бас маршалдары Николай Николаевич Воронов (21 ақпан 1944) Митрофан Иванович Неделин (8 мамыр 1959) Сергей Сергеевич Варенцов (6 мамыр 1961, 13 наурыз 1963 атағынан айырылды) Владимир Федорович Толубко (25 наурыз 1983)

Авиация бас маршалдары Александр Александрович Новиков (21 ақпан 1944, 11 мамыр 1946 атағынан айырылды, 1953 қайтарылды) Александр Евгеньевич Голованов (19 тамыз 1944) Павел Федорович Жигарев (11 наурыз 1955) Константин Андреевич Вершинин (8 мамыр 1959) Павел Степанович Кутахов (3 қараша 1972) Борис Павлович Бугаев (28 қазан 1977) Александр Иванович Колдунов (31 қазан 1984)

Құрышты танк әскерлері бас маршалдары Павел Алексеевич Ротмистров (28 сәуір 1962) Амазасп Хачатурович Бабаджанян (29 сәуір 1975)

Инженерлік әскерлер бас маршалдары берілмеді

Байланыс әскерлері бас маршалдары берілмеді

Тағы қараңыз Әскер түрлерінің маршалы

Дереккөздер

Санат:КСРО Қарулы Күштерінің әскери атақтары Санат:Әскер түрлерінің бас маршалы