Луганск облысы (), ауыз. Луганщина () — елдің қиыр шығысында орналасқан, негізінен Солтүстік Донец өзенінің орта ағысы алабын қамтитын Украинаның әкімшілік-аумақтық бірлігі. Облыстың солтүстігі Слобожанщинаға, ал оңтүстігі — Донбассқа жатады.
Батысында Украинаның Донецк және Харьков облыстарымен, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде — Ресейдің Белгород, Воронеж және Ростов облыстарымен шектеседі.
Облыстың аумағы 26,7 мың км² (Украинада 10-орын), халқы 2021 жылғы бағалау бойынша 2,1 млн адамды құрады (7-орын). Әкімшілік орталығы әрі ең ірі қаласы — Луганск. Басқа ірі қалалары — Алчевск, Северодонецк және Лисичанск.
Облыс 1938 жылы Украин КСР-інің Сталин облысынан бөлініп құрылды. 1958 жылға дейін және 1970—1990 жылдары Ворошиловград облысы () деп аталды.
2014 жылы сәуірде ресейшіл наразылықтар барысында облыс аумағында халықаралық деңгейде мойындалмаған Луганск Халық Республикасы (ЛХР) жарияланды. Донбасстағы соғыс нәтижесінде ЛХР облыс аумағының шамамен үштен біріне, соның ішінде Луганск қаласына іс жүзінде бақылау орнатты. Украина билігі құрған облыстық әскери-азаматтық әкімшіліктің орналасқан жері Северодонецк қаласы болды.
2022 жылы Ресейдің Украинаға кең ауқымды басып кіруі басталғаннан кейін Ресей Қарулы Күштері мен ЛХР халық жасағы Северодонецкіні және Луганск облысының іс жүзінде бүкіл аумағын басып алды, мыңдаған адам қаза тауып, 300 мың жергілікті тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, сондай-ақ тұтас қалалар қирады. 30 қыркүйекте Ресей облысты құрамына қосқандығын жариялады.
Физикалық-географиялық сипаттамасы
Дереккөздер
Санат:Луганск облысы Санат:Украина облыстары