Alatau — 1994 жылдан бастап жұмыс істейтін қазақстандық телеарна. Бүгінде республика өңірлеріне «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісінен өзге еліміздің 9 ірі қалаларына (Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Талдықорған, Атырау, Павлодар, Түркістан, Ақтау) «Қазтелерадио» АҚ тарату желісі арқылы өнімдерін таратуда.

Телеарна ақпараттық, жаңалықтар, сараптамалық бағдарламалар арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкімет тапсырмаларын орындау және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі тапсырысын іске асырып, белсенді қолдау көрсетіп келеді. 2023 жылдың сәуір айынан бастап "СТВ" телеарнасы "Alatau" деген жаңа атаумен эфирге шықты.Телеарна жайлы

Тарихы «Рахат-ТВ» тәуелсіз телекомпаниясы» ЖШС 1994 жылы құрылды. 1995 жылы сәуірде телеарна алғаш эфирге шықты. Бастапқыда телеарна Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағына хабар таратты. 2004 жылы телеарна республикалық мәртебе алып, Астана, Атырау, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қарағанды және Теміртау қалаларына да хабар тарата бастады. 2009 жылғы 1 қыркүйектен «Рахат ТВ» телеарнасының атауы СТВ болып өзгерді.ТЕЛЕКАНАЛ СТВ 2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап СТВ телеарнасы жабылды. Арна рейтингінің төмен болуынан «Алаш Медиа Групп» холдингі телеарнаны қаржыландыруды тоқтатты.Телеканал СТВ уходит с телевизионной площадки Казахстана

2023 жылы наурызда «Рахат-ТВ» тәуелсіз телекомпаниясы» ЖШС атауы «Алатау-ТВ» ЖШС болып өзгеріп, сәуір айынан бастап СТВ телеарнасы қайта хабар тарата бастады.Бывший телеканал миллионера Клебанова купили братья из Карасайского района

Бағдарламалары «Жұлдыз FM»-мен «Таңғы шоу» «АЛАТАУ АҚПАРАТЫ» «АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ» «Неизведанный Казахстан» «Ән шашу» «АДАМ ЖӘНЕ ЗАҢ» «МАХАББАТПЕН СЫРЛАСУ»БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ «АЛАТАУ ТВ»

Дереккөздер

Санат:Қазақстан телеарналары