Қаражалдық, Қаражалық – Құсмұрын алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Әулиекөл ауданының солтүстігінде, Первомайское ауылынан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 208 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 3,9 км2, ұзындығы 2,3 км, енді жері 1,9 км, жағалау бойының ұзындығы 8,1 км. Көл түбіне лай тұнбалар шөккен. Негізінен жер асты және көктемгі қар суларымен толығады. Қарашаның ортасында суы қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді.

Жағалауы сипаты Жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ өскен. Көктем, күз айларында мал суаруға пайдаланылады. Суы жаз айларында тартылып, балшыққа айналады.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Тобыл су алабы Санат:Әулиекөл ауданы көлдері