Жоғарывольтті ажыратқыш — токты қосу және өшіру үшін арналған коммутациялық аппарат. Ажыратқыш электрқондырғыларда орнатылатын негізгі құрылғы, тізбекті кез-келген режимде ажыратады. Ол түйіспе, доғаны сөндіретін камера, оқшаулағыш, ток өткізгіш бөлік және жетекші механизмнен (электрмагнитті жетек, қол жетегі) тұрады. нобай|110 кВ кернеуге арналған үш фазалық майлы ажыратқыш Жоғарывольтті ажыратқыштар электрлік станцияларда және қосалқы станцияларда пайдаланылады. Номиналды кернеуі 6 кВ-тан 500 кВ-қа дейін жетеді.
Ажыратқыштарға қойылатын талаптар келесі: Кез-келген токты сенімді түрде өшіру Әрекет шапшаңдығы Түйіспелерін тексеру оңайлығы Өрт және жарылу қауіпсіздігі Параметрлері Номиналды кернеу Uном Номиналды ток Iном Номиналды ажырату тогы Iоткл.ном — ажыратқыш өшіре алатын максималды ток мәні Жіктелуі Майлы ажыратқыш Ең алғаш пайда болған ажыратқыш. Түйіспелері болат бактың ішінде орналасқан. Бактың ішіне май құйылады. Өшірген кезде түйіспелер арасында доға пайда болады, бұл кезде май буланады, пайда болған бу доғаны сөндіреді.
Ауалы ажыратқыш Ауалы ажыратқышта доға сығылған ауамен сөндіріледі. Электрлік түйіспелер және ток өткізгіш бөліктері фарформен оқшауланады. Бұл ажыратқыштардың артықшылығы май ажыратқыштарынан қарағанда өрт және жарылу қаупі жоқ нобай|6-10 кВ вакуумдық ажыратқыш
Элегазды ажыратқыш Элегаз SF6 бұл инертті газ. Оның электрлік беріктігі ауадан қарағанда 2-3 есе жоғары. Бұл ажыратқыштардың ажырату қабілеттігі қалған түрлерінен қарағанда жоғары, оның кемшілігі элегаздың қымбат болуында.
Вакуумды ажыратқыш Вакуум ауадан қарағанда электрлік беріктігі жоғары. Көбінесе вакуумдық ажыратқыштарды жабық тарату құрылғыларында пайдаланады.
Дереккөздер
Санат:Электротехника Санат:Энергетика