Абылай хан ескерткіші — қазақ мемлекет қайраткері, Қазақ хандығының ханы Абылай ханға арналған Алматы қаласындағы ескерткіш. 2000 жылы орнатылған.

Сипаттамасы Ескерткіш 2000 жылы қоладан құйылып тұрғызылды. Абылай хан ат үстінде әшекейленген киіммен және жауынгерлік құрал-жабдықтармен отыр. Оң қолында хан билігінің символы болып табылатын таяқшаны ұстаған.

Жоба авторлары Авторлық ұжымның жетекшісі — С. К. Баймағамбетов Мүсінші — К. К. Сатыбалдин Сәулетшілер — Т. Е. Ералиев, З. С. Баймағамбетов, В. И. Сидоров Конструктор — М. Е. Еркін Құю жұмыстары — А. В. Волков

Тағы қараңыз Абылай хан ескерткіші (Көкшетау) Абылай хан ескерткіші (Мойынқұм)

Дереккөздер

Санат:Алматы ескерткіштері Санат:Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері