Тимоти Джеймс Уолз (, ; 6 сәуір 1964 жыл, Вэст Пойнт, Небраска) — америкалық саясаткер және мұғалім, 2019 жылдан бері қызметтегі Миннесота штатының 41-губернаторы. Демократиялық партияның мүшесі болған Уолз — партияның 2024 АҚШ президент сайлауындағы вице-президенттікке болжамды үміткері. Ол, оған қоса, 2007 және 2019 жылдар аралығында Миннесотаның 1-округінен сайланған АҚШ Өкілдер палатасындағы өкілі болған.
Вэст Пойнт, Небраскада туған Уолз 24 жыл бойы созылған АҚШ әскеріндегі қызметінен кейін ауыл шаруашылығы, өндіріс және білім беру салаларында жұмыс істеген. Ол кейін Небраскадағы білім алып, 1996 жылы Миннесотаға көшті. Конгресске сайланғанына дейін ол, сонымен қатар, Манкейтода әлеуметтану мұғалімі және америкалық футбол жаттықтырушысы болған. 2006 жылы ол АҚШ Өкілдер палатасына Миннесотаның 1-округінен сайланып, бес түрлі рет сол лауазымына қайта сайланды да, 2019 жылы басқа лауазымға кетуіне байланысты отставкасын жариялады.
2018 жылғы 6 қарашада Уолз Миннесота штатының 41-губернаторы болып сайланды. 2022 жылы ол қайта сайланды да, 2024 жылғы 6 шілдеде 2024 АҚШ президент сайлауындағы демократтардың басты үміткері Камала Харрис Уолзты өзінің сайлаудағы серіктесі және вице-президенттікке үміткері ретінде таңдады.
Жастық шағы және білімі Тимоти Джеймс Уолз 1964 жылғы 6 сәуірде, Вэст Пойнт, Небраскада дүниеге келген. Дарлин Роуз (туғанында Рэйман) атты анасы және мектеп әкімшісі болған Джеймс Ф. Уолз атты әкесі болған. Уолз пен оның үш ағайындысы бірге штаттың солтүстік-батыс бөлігіндегі ауылды Валентайн қаласында тәрбиеленді. Уолзтың мектепте оқып жүргенінде әкесіне өкпе обыры диагнозы берілді. Жанұясы туыстарына жақын боламыз деп Бютт қаласына көшті.
Уолз 1982 жылы Бютт орта мектебін 25 оқушыдан тұратын сыныппен бітірді. Бір жылдан кейін әкесі қайтыс болды. 1989 жылы Уолз оқуын бітіріп, әлеуметтану ғылымдарының бакалавриатына ие болды. 1995 жылы ол мас күйде көлік жүргізді деген айып бойынша қамауға алынды да, сол кезден бері ішімдіктен мүлдем бас тартқан. 2001 жылы ол Манкейтодағы Миннесота штатының университетіндегі оқуын бітіріп, білім беруден жетекшілік саласындағы магистр болды.
Мансабы солға|нобай|Ұлттық гвардиясы әскеріндегі негізгі жаттығулары кезіндегі Уолз, Форт-Мур, Джорджия, 1981 жыл
Оқытушы ретінде Мектеп бітіргенінен кейін Уолз ауыл шаруашылығы және өндіріс салаларында және АҚШ ұлттық гвардиясында қызмет етті. Ол кейін әкесіндей білім беру саласында жоғары білім алды. оқуынан кейін, ол өзіне ұсынылған WorldTeach бағдарламасы бойынша Қытайда бір жыл бойы мұғалім бола тұрды (ол қазірдің өзінде де кішкене қытайша сөйлейді). Оралғанынан кейін Уолз Аллайанс, Небраскада оқыту және жаттықтырумен айналысып кетті де, сол жерде әріптесі және болашақ әйелі Гвэн Уипплмен танысты. 1994 жылы екеуі үйленді және екі жылдан кейін әйелінің туған штаты, Миннесотадағы Манкейтоға көшті, ол жердегі Манкейто жоғарғы мектебінде Уолз география мұғалімі және жаттықтырушы болған. Ол 1999 жылы америкалық футбол командасын өзінің бірінші мемлекеттік чемпионатына жеткізді. 1999 жылы Уолз Манкейто Вест орта мектебіндегі тұңғыш гей-гетеро альянсының профессорлық кеңесшісі болуға келісті. Уолз бен әйелі, оған қоса, оқушыларды Қытайға апаратын танырлық жаздыгүні сапарларын ұйымдастыратын Educational Travel Adventures бағдарламасына төрағалық еткен.
Әскердегі қызметі Әкесінің қолдауын алған Уолз 17 жасқа толғанда АҚШ ұлттық гвардиясы қатарына қосылды. Әкесі Корей соғысының ардагері еді және G.I. Bill заңы көмегімен өз оқуын қаржыландырған еді және ұлының дәл солай жасағанын қалаған.
1981 жылы әскерге барған Уолз Ұлттық гвардияда 24 жыл бойы қызмет еткен. Әскери қызметі кезінде ол Аризона, Техас, Арктика белдеуі, Нью-Алм, Миннесота және басқа да жерлерге жіберілетін. Ол жоғары қуатты артиллериямен айналысатын. Қызметі кезінде Уолз су тасқыны мен торнадодан кейін апат салдарын жою лауазымдарында жұмыс істеді және соғысты ешқашан көрмесе де, бірнеше ай бойы шетелде белсенді қызметте болды. 1989 жылы ол Небраска штатының жыл сарбаз азаматы атағын алды. Уолз қызметінің соңына таман команд-сержант-майор дәрежесіне жетті, бірақ 2005 жылы отставкасын жариялағанда АҚШ әскерінің сержант-майорлар академиясындағы курстық жұмысын аяқтамағандығынан мастер-сержант болып қызметін аяқтаған.
АҚШ Өкілдер палатасы
Сайланулары Уолз Джон Керридің 2004 жылғы президенттік науқанына ерікті болды және көп ұзамай өз округі бойынша науқанның үйлестірушісі, сондай-ақ Керриге арналған ардагерлердің аудандық үйлестірушісі болып тағайындалды. 2006 жылы Уолз АҚШ Конгрессіндегі мүшелікке үміткерлігін жариялады. 2006 жылғы 7 қарашада ол қызметте болған республикашыл қарсы жеңіп шығып, 2007 жылғы 3 қаңтарда антын беріп, АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі болды.
2008 жылы жалпы дауыстың 62% жинаған Уолз қайта сайланды да, округ тарихындағы екінші толық мерзімге қол жеткізе алған жалғыз демократ болды. Ол кейін 2010, 2012, 2014 және 2016 жылдары қайта сайланды.
Қызметі Уолз палатадағы ауыл шаруашылығы комитетінде, ардагерлер істері жөніндегі комитетте және қарулы күштер комитетінде қызмет етті. Миннесота штатындағы демократ Кит Эллисонмен бірге Уолз президент Буштың Ирактағы әскер санын көбейту жоспарына қарсы шықты. Депутат ретіндегі бірінші аптасында Уолз ең төменгі жалақыны көтеру туралы заң жобасын қолдады, бағаналы жасуша зерттеуіне дауыс берді және Medicare-ді қолдады.
Әдетте республикашылдарға дауыс берген ауданның өкілі болса да, сарапшылар Уолзтың саяси ұстанымдарын ұстамдыдан либералдыға дейін сипаттады. Ол сондай-ақ Ирак пен Ауғанстандағы әскери операцияларды қаржыландыруды жалғастыруға дауыс берді.
Уолз Лугар орталығы мен Маккорт мемлекеттік саясат мектебі құрған Екіпартиялық индексте 114-Конгресстегілер арасында жетінші ең екіпартиялық палата мүшесі (кейде республикашылар қолдаған, басқа кезде демократтар қолдаған ұсыныстарды қолдаған) болды.
Миннесота губернаторы нобай|оңға|Уолзтың Миннесота штатының губернаторы ретінде инаугурациясы, 2019 жыл Миннесотаның демократ губернаторы Марк Дейтонның үшінші мерзімге сайланбаймын дегенінен кейін Уолз губернаторлыққа үміткерлігін жариялады. 2018 жылғы 6 қарашада Уолз губернатор болып сайланды.
2019 жылғы 7 қаңтарда Уолз Миннесота штатының губернаторы ретінде антын берді. Инаугурациясындағы сөзінде ол білім беру мен денсаулық сақтау жүйелері жайлы сөз айтты.
Полицияны реформалауы және наразылық шараларына реакциясы
2020 жылғы 26 мамырда, Джордж Флойдтің өлтірілуінен кейін Уолз пен Лейтенант-губернатор әділеттің орын алуын талап етті де, Миннеаполис полицейі болған Дерек Шовиннің Джордж Флойдті өлтіргеніне қарсы шықты, видеоны «жиіркенішті» деді.
Флойдтың өлімінен кейінгі кең таралған наразылықтарға Уолздың алғашқы реакциясына саяси қарсыластары мен басқа топтар қарсы шықты. Кейінірек ол өлімге жауап ретінде Миннесота легислатурасына полицияны реформалау және ол жайлы есеп беру туралы заңнама бойынша арнайы сессияларды қайта шақыруды бұйырды. Полиция реформасы маусымда бірінші кезектен тыс сессиядан өте алмаған соң, шілдеде екінші кезектен тыс сессия барысында өтті. 21 шілдеде легислатура полицияны реформалау туралы негізгі заңды қабылдады. Жаңа ымыраға келу туралы заң офицерлерге үлкен қауіп төнбейтін жағдайда тұншықтыру қолдануға тыйым салуды қамтыды. Ол адамдарды адамгершілікке жатпайтын және агрессивті мінез-құлықты ынталандыратын ескі жауынгерлерді оқыту бағдарламасына тыйым салды. Жаңа оқыту бағдарламасы полицейлердің аутизммен немесе психикасы сау емес адамдармен бірге жұмыс істеуге және құбылмалы болуы мүмкін жағдайларға деэскалацияға үйретуді талап етті. Ол сондай-ақ өлімге әкелген полиция әрекеттерін тергеу үшін Қылмыстық ұстау бюросында арнайы тәуелсіз бөлімше құрды. Уолз заң жобасына қол қойып, 2020 жылғы 23 шілдеде заң қылды.
2023 жылғы реформалары Мандат көпшілігі тиесілі Миннесота легислатурасы мен Уолз бірігіп, штатта бірнеше реформа орнатты, соның ішінде ақысы төленетін демалыс талап етті, каннабисті заңдастырды, инфрақұрылым мен қоршаған орта мәселелеріне жұмсалатын шығындарды ұлғайтты, салықтарды өзгертті, аборт жасау құқықтарын кодтады, мектептердегі тамақтанудың бәрін тегін қылды және қару-жарақ алар бұрын алушыға тексеріс жасауды талап етті. Star Tribune баспасы бұл парламент сессиясын Миннесота тарихындағы «ең ықпалдысы» десе, Уолз оны «ең нәтижелісі» деді. Уолз легислатура қабылдаған барлық дерлік заңнамаға қол қойғанымен, ол дұрыс теңгерімге келмейтінін айтып, такси агрегаторының жалақысын арттыруға арналған заң жобасына вето қойды. Бұл оның губернатор ретіндегі тұңғыш ветосы болған еді.
2024 жыл және Feeding Our Future жанжалы 2024 жылғы маусымда Миннесота штатында орналасқан (Болашағымызды тойдыр) коммерциялық емес ұйымының 5 қызметкері COVID-19 пандемиясына байланысы бар 250 миллион долларға бағаланған елдегі ең ірі алаяқтық схемасын жасағаны үшін сотталды. Миннесота білім департаментінің коммерциялық емес ұйымды қадағалай алмағаны үшін Миннесота штатының аудит есебі оны және Уолз әкімшілігін сынаған және Уолз кейін өз кінәсін мойындады да, жауапкершілікті өз мойнына алғанын айтты.
2024 жылғы вице-президенттікке үміткерлігі нобай|оңға|Сайлауалды митинг кезіндегі АҚШ вице-президенті Камала Харрис пен губернатор Уолз
Президент Джо Байденнің 2024 жылы қайта сайланудан бас тартқанынан кейін 2024 жылғы 22 шілдеде Уолз вице-президент Камала Харристің президенттікке үміткерлігін қолдады. Уолз Харристің сайлаудағы мүмкін серіктестері тізіміне бірден түсті де, 2024 жылғы 6 тамызда Харрис ресми түрде Уолзды өзінің серіктесі ретінде таңдады.
Уолз, оған қоса, Дональд Трамп қолдаушыларын және республикашыларды «оғаш» () деп атау трендінің және интернет-мемінің авторы делінеді. Уолзтың сайлаудағы Харрис серіктесі жарияланған күні Уолзтың республикашыл қарсыластары оны «Тампон Тим» деп кетті. Бұл оның 2023 жылғы мемлекеттік мектептерде гигиеналық төсемше мен тампондарды «4–12 сынып оқушылары пайдаланатын әр дәретханаға» тегін беруді міндеттейтін заң жобасына қол қойғанынан шыққан лақап аты еді. Уолзтың саяси жақтаушылары оның бұл «есіміне» және қол қойған заң жобасына оң жауап берді.Бірнеше дереккөз:
Саяси ұстанымы Каннабис нобай|оңға|Уолздың каннабисті заңдастыратын заң жобасына қол қоюы, 2023 жылғы мамыр Уолз Миннесота губернаторы ретінде рекреациялық каннабисті заңдастыруды жақтады. 2017 жылы губернаторлыққа үміткерлігін жариялаған Уолз «Миннесота штатында қазіргі сәтсіз саясатты салық түсімін тудыратын, жұмыс орындарын және Миннесоталықтар үшін мүмкіндіктер көбейтетін, Миннесота балаларын қорғайтын және ересектерге өздерінің жеке бостандықтарына негізделген жеке шешімдерін қабылдауына сенетін саясатпен алмастыру мүмкіндігі әлі де бар» деді. 2023 жылғы 30 мамырда ол Миннесота штатында рекреациялық каннабисті заңдастыру заңына қол қойды да, ол 2023 жылғы 1 тамызда күшіне енді.
Экономика мәселелері 2008 жылғы экономикалық дағдарыс кезінде Уолз бірнеше рет салық төлеушінің ақшасын қаржы институттарын құтқару үшін пайдалануына қарсы шықты; қыркүйек айының соңында ол осы мекемелерден проблемалық активтерді сатып алған 700 миллиард долларлық TARP заң жобасына қарсы дауыс берді. Дәл осындай себептермен 2008 жылғы желтоқсанда ол елдің ірі автомобиль өндірушілерін құтқару үшін үкіметтік несие ретінде 14 миллиард долларды ұсынатын заң жобасына қарсы дауыс берді.
Салық төлеушілерге ірі банктер мен автоөндірушілерге ақша беретін несиелік төлемдерге қарсы дауыс бергеніне қарамастан, Уолз қолдау үшін демократ әріптестерімен бірге дауыс берді. Өкілдер палатасының көлік комитетінің мүшесі ретінде Уолз бұл заң жобасын «конгресстегі әріптестерімен бірге жолдар, көпірлер және таза энергия сияқты қоғамдық инфрақұрылымға инвестиция жасау арқылы жұмыс орындарын құруды және, осылайша, экономиканы қалпына келтіру» мүмкіндігі ретінде қарастырды.
Білім беру жүйесі нобай|оңға|Уолзтың мектепке губернатор ретінде ресми барғаны, 2022 жылғы қараша