Сырдария ауданы — 1928-1997 жылдары болған Қызылорда округі, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Тасбөгет кенті.
Тарихы Аудан 1928 жылы Қазақ АКСР Қызылорда округінің құрамында Қызылорда ауданы деген атпен құрылды. Орталығы Қызылорда қаласы болды. 1930 жылы аудан Қазақ АКСР-нің тікелей қарамағына өтті. 1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының, 1938 жылы Қызылорда облысының құрамына енді. Кейін Қызылорда ауданының атауы Сырдария ауданы болып өзгертілді.
1958 жылы 28 қаңтарда Сырдария ауданының орталығы Қызылорда қаласынан Тасбөгет кентіне көшірілді.Ведомости Верховного Совета СССР. № 3 (898), 1958 г.
1963 жылы 2 қаңтарда Тереңөзек ауданы таратылып, аумағының бір бөлігі Сырдария ауданына қосылды. Аудан орталығы Тасбөгеттен Тереңөзек кентіне көшірілді.
1966 жылы Тереңөзек ауданы Сырдария ауданынан бөлініп, аудан орталығы қайта Тасбөгет кентіне көшірілді.Сырдарьинский район: вектор – положительный
1986 жылы ауданда Тасбөгет кенті мен 11 ауылдық кеңес болған: Айдарлы, Ақжарма, Жамбыл, Жетікөл, Интернационал, Киров, Қызылжарма, Ленин, Октябрь, Первомай және Тартоғай.Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
1997 жылы 17 маусымда Сырдария ауданы таратылды. Таратылған ауданның Айдарлы, Бесарық, Қоғалыкөл ауылдық округтерінің және Ленин ауылдық округі Амангелдi ауылының аумағы Тереңөзек ауданына, Сұлутөбе, Тартоғай ауылдық округтерінің аумағы Шиелі ауданына қосылды. Қалған аумақ Қызылорда қаласының қарамағына өтті.Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы Сол жылы 10 қыркүйекте Тереңөзек ауданы Сырдария ауданы болып қайта аталды.Қызылорда облысының Тереңөзек ауданын қайта атау туралы
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 35366 24900 39662 46250 46781
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның 1997 жылы таратылған аудандары