Junior Eurovision ән байқауы 2024 (, ) — жыл сайын өткізілетін Junior Eurovision ән байқауының 22-шығарылымы. Junior Eurovision ән байқауының 2024 жылғы шығарылымын ұйымдастырушы Еуропалық хабар тарату одағы (ЕХТО) және Radiotelevisión Española (RTVE) телекомпаниясы. Байқау 2024 жылғы 16 қарашада Испанияның Мадрид қаласында орналасқан «Caja Mágica» стадионында өтті. Бұл Junior Eurovision ән байқауының Испанияда алғаш рет өткізілгені және «Eurovision 1969» ән байқауынан кейінгі Испанияда жалпы Eurovision іс-шарасының алғаш рет өткізілгені болды. Сонымен қатар байқаудың 2015 жылдан бері алғаш рет сенбі күні өткізілгені болды.
Байқауға он жеті ел қатысты, Кипр алты жыл және Сан-Марино сегіз жыл үзілістен кейін қайта оралды, ал Ұлыбритания өткен жылғы байқауға қатысқанымен, осы жылы қатысудан бас тартты.
Грузиялық әнші Андрия Путкарадзе орындаған «To My Mom» әнімен Грузия жеңімпаз атанып, байқаудың тарихындағы жеңісі ең көп ел болды. Португалия екінші орынды иеленіп, бұл Португалияның байқаудағы ең жоғарғы нәтижесі болды. Украина, Франция және Мальта үздік бестікті аяқтады. Албания өзінің байқауға қатысу тарихындағы ең үздік екінші орынды иеленсе, сегіз жыл үзілістен кейін қайтып келген Сан-Марино ең соңғы орынды иеленді.
Өткізілу орны left|thumb|Caja Mágica, Мадрид – 2024 жылғы байқаудың өткізілу орны Байқаудың Eurovision ән байқауынан айырмашылығы, өткен жылғы Junior Eurovision ән байқауында жеңімпаз атанған ел келесі жылғы байқауды жүргізу құқығын автоматты түрде алмайды. Дегенмен, 2011 жылдан бастап (2012, 2015 және 2018 жылдарды қоспағанда) жеңімпаздардың келесі жылғы байқауды өткізуі дәстүрге айналды, ал 2019 жылдан бастап жеңімпаз ел келесі жылғы байқауды өткізуші елді таңдауда басымырақ болады. 2015 жылы 2014 жылдың жеңімпазы, итальяндық RAI телерадио хабарын таратушы бұл құқық берілді, бірақ ақыр соңында одан бас тартты.
2023 жылдың 27 қарашасында 2023 жылғы байқауда жеңіске жеткеннен кейін француздық France Télévisions ЕХТО-мен 2024 жылғы байқауды өткізуге қатысты келіссөздер жүргізілетінін жариялады, өйткені көптеген елдер бұған қызығушылық танытты, ал Франция соңғы үш жылда екі рет байқауды өткізген себепті олар «Junior Eurovision ән байқауында француз монополиясын» қаламайтынын хабарлады. Ақырында ол 2024 жылғы байқауды өткізбеуді шешті. 2023 жылғы байқауда екінші орын алған испандық Radiotelevisión Española (RTVE) 2024 жылдың 14 ақпанында байқауды өткізуші ретінде жарияланды, ал Мадридтегі «Caja Magica» стадионы 2024 жылдың 10 мамырында байқаудың өтетін орны ретінде жарияланды. Бұл Junior Eurovision ән байқауының Испанияда алғаш рет өткізілгені және Мадридте «Eurovision 1969» ән байқауынан кейінгі Испанияда жалпы Eurovision іс-шарасының алғаш рет өткізілгені болды.
Іріктеу
Қатысушы елдер Телерадио хабарын таратушы өз елінің өкілі болып, Junior Eurovision ән байқауына қатысуға үміткер болуға жарамды болуы үшін ол Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) белсенді мүшесі болуы керек.
2024 жылғы 3 қыркүйек күні ЕХТО 2024 жылғы байқауға 17 ел қатысатынын жариялады. Кипр алты жыл үзілістен кейін жарысқа қайта оралды, ал Сан-Марино бастапқыда қатыспайтынын растағанына қарамастан, сегіз жылдан кейін қайта оралды. Сонымен қатар, Ұлыбритания алдыңғы екі жылғы байқауға қатысқанымен, 2024 жылғы байқауға қатыспауға шешім қабылдады.
Байқау алдын 2024 жылғы байқаудың барлық әндері бар сандық жинақ альбомын Еуропалық хабар тарату одағы құрастырып, Universal Music Group лейблімен 2024 жылдың 1 қарашасында шығарды. + Junior Eurovision 2024 ән байқауының қатысушылары Ел Телерадиохабарынтаратушы Әртіс Ән Тілі Әнавторлары Албания RTSH Николь Чабели «Vallëzoj»«Би» албан Армения AMPTV Лео «Cosmic Friend»«Ғарыштық дос» армян, ағылшын Грузия GPB Андрия Путкарадзе «To My Mom»«Менің анама» грузин Германия NDR/KiKA Bjarne «Save the Best for Us»«Ең жақсысын біз үшін сақта» ағылшын, неміс Ирландия TG4 Эния Кокс Демпси «Le chéile»«Бірге» ирланд Италия RAI Симоне Гранде «Pigiama party»«Пижама кеші» италиян, ағылшын Испания RTVE Хлоя ДелаРоза «Como la Lola»«Лола сияқты» испан Кипр CyBC Мария Писсаридес «Crystal Waters»«Кристалды сулар» грек, ағылшын Мальта PBS Рамирес Скиберрас «Stilla Ċkejkna»«Кішкентай жұлдыз» мальта Нидерланд AVROTROS Stay Tuned «Music»«Музыка» нидерландағылшын Польша TVP Доминик Арим «All Together»«Барлығымыз бірге» поляк, ағылшын Португалия RTP Виктория Николь «Esperança»«Үміт» португал, испан Сан-Марино SMRTV Idols SM «Come noi»«Біз сияқты» италиян Солтүстік МакедонияMRT Ана Ванчевска және Алексей Ивановский «Marathon»«Марафон» македон, ағылшын Украина Suspilne Артём Котенко «Hear Me Now»«Мені қазір тыңда» украин, ағылшын Светлана Тарабарова Франция France Télévisions Титуан «Comme ci, comme ça»«Мынадай, былай» француз Эстония ERR Аннабель Атс «Tänavad»«Көшелер» эстон Свен Лыхмус
Қатыспайтынын растаған елдер ЕХТО мүшелері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) белсенді мүшесі болып табылатын Андорра, Аустрия, Әзербайжан, Бельгия, Грекия, Дания, Исландия, Израиль, Латвия, Литва, Люксембург, Норвегия, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Уэльс, Ұлыбритания, Финляндия, Хорватия, Шотландия, Швеция, Швейцария байқауға қатыспайтынын растады.
ЕХТО мүшелері емес Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) ассоциаланған мүшелері Аустралия мен Қазақстан байқауға қатыспайтынын растады.
Байқауға шолу Байқау 2024 жылғы 16 қарашада Орталық Еуропа уақытымен 18:00-де басталды (Қазақстан уақытымен 22:00-де). Он жеті ел 10 қазанда жарияланған реттілік бойынша өнер көрсетті. Байқауға қатысатын да және қатыспайтын да елдер біріккен халықаралық онлайн дауыс беру арқылы дауыс беруге құқылы болды.
Шоудың ашылуында 2004 жылғы жеңімпаз Мария Исабельмен, 2023 жылғы жеңімпаз Зои Клозюр және екінші орын иегері Сандра Валеромен бірге «Let's Bloom» әнін орындаған барлық қатысушылардың сүйемелдеуімен дәстүрлі ту шеруі болды. Интервалды актілерде Борха Руэданың хореографиялық қолдауымен актриса Анастасия Руссо орындаған «Time to Bloom» (Гүлдену уақыты) атты би нөмірі болды және Абрахам Матео «Maníaca» әнін орындады.
Жеңімпаз Екінші орын Үшінші орын Соңғы орын
РеттілікЕлӘртісӘнҰпайОрын1 Италия Симоне Гранде «Pigiama party»«Пижама кеші» 98 92 Эстония Аннабель Атс «Tänavad»«Көшелер» 55 143 Албания Николь Чабели «Vallëzoj»«Би» 126 74 Армения Лео «Cosmic Friend»«Ғарыштық дос» 125 85 Кипр Мария Писсаридес «Crystal Waters»«Кристалды сулар» 60 136 Франция Титуан «Comme ci, comme ça»«Мынадай, былай» 177 47 Солтүстік Македония Ана Ванчевска және Алексей Ивановский «Marathon»«Марафон» 54 168 Польша Доминик Арим «All Together»«Барлығымыз бірге» 61 129 Грузия Андрия Путкарадзе «To My Mom»«Менің анама» 239 110 Испания Хлоя ДелаРоза «Como la Lola»«Лола сияқты» 144 611 Германия Bjarne «Save the Best for Us»«Ең жақсысын біз үшін сақта» 71 1112 Нидерланд Stay Tuned «Music»«Музыка» 91 1013 Сан-Марино Idols SM «Come noi»«Біз сияқты» 47 1714 Украина Артём Котенко «Hear Me Now»«Мені қазір тыңда» 203 315 Португалия Виктория Николь «Esperança»«Үміт» 213 216 Ирландия Эния Кокс Демпси «Le chéile»«Бірге» 55 1517 Мальта Рамирес Скиберрас «Stilla Ċkejkna»«Кішкентай жұлдыз» 153 5
Ұпай жариялаушылары Келесі адамдар өз елдерінің ұлттық қазылар алқасының 12 ұпайлық бағасын жариялады:
Армения — Нане Андреасян Грузия – Анастасия Васадзе Испания — Карлос Хигес Кипр – Патроклос Патроклу Мальта — Юлан Нидерланд — Вероника Польша — Майя Кшижевска Португалия — Джулия Мачадо Солтүстік Македония — Александра Митевска Украина — Анастасия Димид Франция — Лисандро Формика Эстония — Арханна
Дауыс берудің егжей-тегжейлі нәтижелері Бөлініп көрсетілген нәтижелер Орын Біріктірілген Қазылар алқасы Онлайн дауыс беру Ел Ұпайлар Ел Ұпайлар Ел Ұпайлар 1 Грузия 239 Грузия 180 Португалия 117 2 Португалия 213 Украина 122 Украина 81 3 Украина 203 Франция 103 Мальта 79 4 Франция 177 Португалия 96 Франция 74 5 Мальта 153 Албания 82 Испания 64 6 Испания 144 Испания 80 Грузия 59 7 Албания 126 Армения 76 57 8 Армения 125 Мальта 74 9 Италия 98 Италия 52 Кипр 50 10 Нидерланд 91 Нидерланд 34 Армения 49 11 Германия 71 Солтүстік Македония 20 Польша 48 12 Польша 61 Ирландия 15 46 13 Кипр 60 Германия 14 14 Эстония 55 Эстония 14 Албания 44 15 Ирландия 55 Польша 13 Эстония 41 16 Солтүстік Македония 54 Кипр 10 Ирландия 40 17 Сан-Марино 47 Сан-Марино 1 Солтүстік Македония 34
+ Финалдың егжей-тегжейлі дауыс беру нәтижелері Қолданылған дауыс беру процедурасы: scope="col" rowspan="3" scope="col" rowspan="2" scope="col" rowspan="2" Қазылар алқасының дауысы scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="col" scope="rowgroup" rowspan="20" Италия 98 46 52 3 6 8 4 1 6 2 4 6 3 2 7 Эстония 55 41 14 2 6 1 1 4 Албания 126 44 82 6 8 5 7 1 5 6 7 2 3 8 10 8 6 Армения 125 49 76 10 2 1 12 5 2 12 4 7 2 5 6 8 Кипр 60 50 10 4 2 1 1 2 Франция 177 74 103 7 4 5 10 2 3 7 10 5 8 10 7 6 4 10 5 Солтүстік Македония 54 34 20 5 3 3 4 1 1 3 Польша 61 48 13 2 8 3 Грузия 239 59 180 12 12 12 12 12 8 10 8 12 10 12 12 12 12 12 12 Испания 144 64 80 4 5 7 1 10 3 6 8 3 5 8 10 3 5 2 Германия 71 57 14 1 2 7 1 2 1 Нидерланд 91 57 34 3 1 7 3 4 3 3 5 4 1 Сан-Марино 47 46 1 1 Украина 203 81 122 10 7 10 8 10 12 12 5 10 2 8 4 7 7 10 Португалия 213 117 96 8 6 8 5 5 7 10 7 8 12 6 4 6 4 Ирландия 55 40 15 2 4 3 5 1 Мальта 153 79 74 2 4 6 6 4 8 6 7 6 3 10 7 5
12 ұпай Төменде әр елдің кәсіби қазылар алқасынан алынған барлық 12 ұпайдың қысқаша мазмұны берілген.
+ Қазылар алқасы берген 12 ұпайлар Бергенелсаны Алған ел 12 ұпай берген елдер 12 Грузия Албания, Армения, Кипр, Эстония, Ирландия, Италия, Мальта, Нидерланд, Португалия, Сан-Марино, Испания, Украина 2 Армения Франция, Грузия Украина Солтүстік Македония, Польша 1 Португалия Германия
Тағы қараңыз Eurovision ән байқауы 2024
Ескертпелер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
2024