Мануэль (Маноло) Санчис Онтиюэло (исп. Manuel Sanchís Hontiyuelo; 23 мамыр 1965, Мадрид, Испания) — испаниялық футболшы, қорғаушы. Бүкіл карьерасында "Реал Мадрид" клубында ойнады. 1983-2001 жылдары Испания чемпионатында 523 рет алаңға шықты. Әкесі Мануэль Санчис Мартинес те "Реал" Испания құрамасы сапында ойнаған.

1988 жылы Еуропа чемпионатына, 1990 жылы әлем чемпионатына қатысты. Испания құрамасы сапында (1986-1992) 48 ойын өткізді.

Жетістіктері

Командалық

УЕФА кубогы: 1984/85, 1985/86 Испания чемпионы: 1985/86, 1986/87, 1987/88, 1988/89, 1989/90, 1994/95, 1996/97, 2000/01 Испания лига кубогы: 1984/85 Испания кубогы: 1988/89, 1992/93 Испания суперкубогы: 1988, 1989, 1990, 1993, 1997 Чемпиондар лигасы: 1997/98, 1999/00 Құрлықаралық кубок: 1998 Еуропа чемпионы (21 жас): 1986

Жеке

Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы: 1986 испанияның үздік футболшысы: 1989/90

Сілтемелер

https://www.footballdatabase.eu/en/player/details/14551

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары