Сейіткерім Бимырзаев (5 қараша 1942 жылы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Кеңес ауылы туған) – физика-математика ғылымының докторы (1998 жылы). Қазақ Мемлекеттік Университеттің (1969, қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) физика факультетін бітірген соң Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және ҚазМУ-да ұстаздық етті. Соңғы жылдары ҚР Ұлттық ядролық физика орталығында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. «Электростатистикалық фокустанушы жүйелердің корпускулдық оптикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Бимырзаев 78 ғылыми еңбектің авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Дереккөздер</span>
Санат:Тұлғалар