Амантай Акрамұлы Әубәкіров (27 ақпан 1963, Алматы) — қазақстандық әскери қайраткер, полиция генерал-майоры (2010). ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
Өмірбаяны Амантай Акрамұлы Әубәкіров 1963 жылы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.
1984 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін құқықтанушы-заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы Еңбек жолын 1980 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы болып бастаған.
1984-1991 жылдары — Алматы қалалық атқару комитеті ішкі істер басқармасының қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі болды.
1991-1995 жылдары — Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер басқармасының бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары, қылмыстық милиция бөлімінің басшысы болды.
1995 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін — Алматы қаласы Алатау аудандық ішкі істер басқармасы басшысының бірінші орынбасары болды.
1995 жылдың желтоқсанынан 1997 жылға дейін — Алматы қаласы бойынша БСА Бас басқармасының Медеу ауданы бойынша БСА бөлімінің басшысы болды.
1997-2000 жылдары — Алматы қаласы Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болды.
2000-2001 жылдары — Алматы қаласы Медеу аудандық ішкі істер басқармасының басшысы болды.
2001-2003 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер Бас басқармасы қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары болды.
2003-2007 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы болды.
2007-2009 жылдары — Алматы қаласы Ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары болды.
2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болды.
2011-2017 жылдары — Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы болды.
2017 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 3 қарашасына дейін — Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің басшысы болды.
2019 жылдың 4 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады.
Марапаттары мен атақтары 1 дәрежелі «Даңқ» ордені 2 дәрежелі «Даңқ» ордені 2 дәрежелі «Айбын» ордені «Ерлігі үшін» медалі «Әскери қарудан атудан» Қазақстан Республикасының спорт шебері Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және КСРО Ішкі істер министрлігінің мекемелік марапаттары.
Отбасы Үйленген, үш баласы, жеті немересі бар.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан генерал-майорлары