Тимур Маратұлы Қайырбеков (10 маусым 1969, Шонжы ауылы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК қолбасшылығының өкілі, генерал-майор, Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік басқармасының бастығы (2015 жылдан бастап).
Өмірбаяны 1969 жылы 10 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келген.
1987 жылы Калининград жоғары әскери-теңіз училищесін бітірген.
1993 жылы ҚР ҰҚК Әскери институтының экстернат курсын, 2001 жылы — РФ Федералдық шекара қызметінің академиясын бітірген.
Шекара заставасы басшысының орынбасары, жеке бақылау-өткізу орынжайының басшысы, шекара жасағының командирі, штаб басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2015 жылдың шілдесінен бастап — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік басқармасының басшысы болып келеді.
Марапаттары «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалі «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі Ұзақ қызметті үшін медалдар берілген
Сілтеме ҚР ҰҚК Шекара қызметінің сайтындағы жеке парақшасы
Санат:Қазақстан генерал-майорлары