Денис Валентинович Мантуров (23 ақпан 1969, Мурманск, РКФСР, КСРО) — ресейлік мемлекеттік қайраткер, үкімет төрағасының бірінші орынбасары (2024—). 1-дәрежелі Мемлекеттік кеңесші. http://government.ru/gov/persons/175/bio/ https://www.rbc.ru/person/662a03b69a79479d47a17899 http://government.ru/gov/persons/175/bio/

Еңбек жолы 1990—1993 — әуе тасымалымен айналысатын Ресей-Үндістан бірлескен кәсіпорнында жұмыс істеді; 1993—1998 — Улан-Удэ авиация зауытынан Ми-8 тікұшақтарын экспорттаумен айналысты; 1993—1998 — Улан-Удэ авиация зауытыбас директорының орынбасары; 2000—2001 — “М.Л.Миль атындағы Ұлттық тікұшақ жасау орталығы” АҚ коммерциялық директоры; 2001—2003 — «Мемлекеттік инвестициялық корпорация» федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны (ФМУК) төрағасының орынбасары; 2003—2007 — «Оборонпром Біріккен өнеркәсіптік корпорациясы» ААҚ бас директоры; 2007—2008 — Ресей Өнеркәсіп және энергетика министрінің орынбасары (қазіргі өнеркәсіп және сауда министрлігі); 2008—2012 — Ресей Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары ; 2012 — «Ростех» мемлекеттік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы ; 2012—2024 — Ресей Өнеркәсіп және сауда министрі ; 2022—2024 — Ресей үкіметі төрағасының орынбасары ; 2022 — Ресей әскери-өнеркәсіптік комиссиясы алқасының төрағасы ; 2024 — Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары ; Білімі 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің әлеуметтану факультетін әлеуметтанушы, 2006 жылы Ресей президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын құқықтану мамандығы бойынша аяқтады. Санкциялары Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты Мантуровқа 2022 жылы 9 маусымда Украина , 28 қазанда Канада және қарашада Ұлыбританияның санкциясына ілікті . 2023 жылы 26 қаңтарда АҚШ , ақпанда Аустралия мен Жаңа Зеландияның санкция енгізді Дереккөздер

Санат:Ресей мемлекеттік қайраткерлері Санат:Ресей Федерациясы мемлекеттік қайраткерлері