Эдуард Викторович Огай (18 қазан 1969, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, миллионер Қазақмыс директорлар кеңесінің төрағасы (2014-2019). Forbes журналы бойынша бірнеше жыл қатарынан ықпалды және бай адамдар тізіміне еніпhttps://forbes.kz/ranking/object/98, 2024 жылы байлығы 800 млн $ бағаландыhttps://forbes.kz/ranking/75_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2024.
Өмірбаяны 1969 жылы 18 қазанда Алматыда дүниеге келді.
Білімі 1998 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін “экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдады.
Мансабы
1996—1997 — «Қазресурс» АҚ президенті; 1997—2001 — «Петроказ» ЖШС директоры; 2001—2005 — Қазақмыстың атқарушы директоры; 2005—2006 — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2006—2006 — Kazakhmys Pls корпоративтік даму жөніндегі директоры; 2006—2016 — Қазақмыс төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі; 2011—2014 — Kazakhmys PLC директорлар кеңесінің мүшесі; 2014—2016 — Қазақмыс Холдинг директорлар кеңесінің төрағасы; 2016—2020 — «Kazakhmys Copper» бірінші басшысы; 2020 — «Kazakhmys Copper» директорлар кеңесінің төрағасы.
Жеке өмірі Үйленген, жұбайы Марина Владимировна Огай (тумысында Пак; 1970 туған). Балалары: ұлдары — Владимир (1992 туған) мен Юрий (2004 туға) және қызы — Элина (1996 туған).
Әкесі Виктор Григорьевич Огай (1945 туған). Бауыры Андрей (1976 туған).
Байлығы Огай “Kazakhmys Coal” ЖШС мен “Kazakhmys Coppe” АҚ 30 % иелік етеді. Балаларымен бірге Абай облысында аттас көмір кен орнын игеретін “Қаражыра” АҚ 70 % акциясының иесі.
Жыл Байлығы Орны2024800 млн $елде 13-ші2023750 млн $елде 11-ші2022583 млн $елде 14-ші2021416 млн $елде 18-ші2020228 млн $елде 22-ші201261 млн $елде 49-шы Дереккөздер