Николай Александрович Зверев (19.12.1921, Ақмола - 14.03.1991, Шадринск, Қорған облысы) – соғыс ардагері. Кеңес Одағының батыры (1944).

61-Армияның 12-гвардия атқыштар дивизиясы 32-гвардиял атқыштар полк құрамында орталық майданда болды. 1943 жылы 29 қыркүйек күні гвардия сержант Зверев Гомель облысы Глушец тұсында Днепр өзенінен өту кезіндегі шайқаста Зверев ерлік көрсетті. Соғыстан кейін «Қазақауылшармаш» мекемесінде жұмыс жасады (1946 – 58).

Орден, медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 15 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 23 января (№ 4 (264)). — С. 1.

Санат:Астанада туғандар Санат:Шадринскде қайтыс болғандар Санат:КСРО сержанттары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Кеңес гвардиясы Санат:Шадринскде жерленгендер Санат:Тоқмақ тұлғалары Санат:Ұлы Отан соғысы жаяу әскерлері