Мұқатай Жұрмұхамедұлы Жұрмұхамедов (1917, №14 ауыл, Торғай облысы, Ресей империясы — 17 желтоқсан 1973) — кеңестік қазақ мемлекет, партия және қоғам қайраткері. Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы (1962-1964), Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1971-1972), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің VI және VIII сайланым депутаты.
Өмірбаяны 1917 жылы Ресей империясы, Торғай облысы, №14 ауылда (қазіргі Қостанай облысы, Амангелді ауданына қарайды) дүниеге келді.
Білімі 1941 жылы Орта Азия мемлекеттік университетін, 1956 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін, КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1963 жылы сырттай) бітірген.
Еңбек жолы Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1941-1945 жылдар аралығында майданда болды. Мемлекеттік марапаттармен марапатталған.
Соғыс аяқталғаннан кейін — комсомолдық және партиялық жұмыстарды атқарды. 1946-1950 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің нұсқаушысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып істеді.
1950 жылы аудандық комитеттің екінші хатшысы, Ильич аудандық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
1953-1956 жылдары — Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы болды.
Оқуды бітіргеннен кейін Пахтаарал аудандық атқару комитетінің төрағасы, кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Киров аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің хатшысы (1956-1962) болды.
1962-1964 жылдары — Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
1964-1971 жылдары — Жамбыл облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды.
Содан соң 1971-1972 жылдары — Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды.
1972 жылы сырқатына байланысты зейнеткерлікке шықты.
Марапаттары 1-дәрежелі Отан соғысы ордені 2-дәрежелі Отан соғысы ордені «Еңбек Қызыл Туы» ордені «Құрмет Белгісі» ордені
Сілтеме Краткий биографический словарь. 2014. Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
Санат:Амангелді ауданында туғандар Санат:Қазақ КСР аудандық атқару комитеттерінің төрағалары Санат:Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП аудандық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Өзбекстан Ұлттық Университеті түлектері Санат:Өлкелік, облыстық және аудандық БЛКЖО комитеттерінің мүшелері Санат:КОКП XXIV съезінің делегаттары