Вуковар-Срем жупаниясы () — Хорватияның солтүстік-шығыс шетінде орналасқан жупания. Жупания Славония, Срем және Подравина тарихи аймақтарының тоғысқан жерінде орналасқан. Жупанияның әкімшілік орталығы — Вуковар қаласы, бірақ халық саны бойынша ең үлкен қала — Винковци.

Географиясы Жупанияның аумағы — 2454 км². Батысында Брод-Посавина жупаниясымен, солтүстік-батысы мен солтүстігінде Осиек-Баранья жупаниясымен шектеседі. Оңтүстігінде жупания Босния және Герцеговинамен, солтүстік-шығысыта, шығыста мен оңтүстік-шығыста Сербиямен шекаралас. Солтүстік-шығыстағы шекара Дунай бойымен өтеді.

Жупанияның аумағы негізінен тегіс, тек шығысында Фрушка Гора орманды қырат орналасқан. Топырағы құнарлы. Вуковар-Срем жупаниясының аумағында неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері бар. Жупанияның қалалары Хорватиядағы соғыс кезінде қатты зардап шекті.

Халқы 2001 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша жупания аумағында 204 768 адам тұрғанЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. . Жупанияның ұлттық құрамы: 78,3 % — хорваттар, 15,5 % — сербтер, 1 % — мажарлар, 0,9 % — русиндерҚалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар  — Хорватияның статистика бюросы .

Әкімшілік бөлінісі Әкімшілік жағынан жупания 31 қауымдастыққа (5 қала, 26 қауымдастық) бөлінеді: Вуковар — жупанияның астанасы, халқы 30 126 адам Винковци — халқы 33 239 адам Жупаня — халқы 13 775 адам Отук — халқы 5858 адам Илок — халқы 5897 адам Трпинья Борово Тординцы Маркушица Ярмина Иванково Воджинцы Стари Микановцы Бабина Греда Церна Градиште Андрияшевцы Привлака Бошняцы Дреновцы Гунья Врбанья Нийемцы Товарник Ловас Томпоевцы Стари Янковцы Негославцы Богдановцы (Богдановцы, Петровцы және Свиняревцы) Нуштар Штитар — 2006 жылы Жупанья қаласынан бөлініп шыққан.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты

Санат:Хорватия жупаниялары