Крапина-Загорье жупаниясы () — Хорватияның солтүстік-батысында орналасқан жупания. Жупания атауы жупанияның ең ірі қаласы Крапина және Загорье тарихи аймақтың атауларынан шыққан.

Географиясы Жупанияның аумағы — 1229 км². Солтүстігінде және шығысында Вараждин жупаниясымен, оңтүстігінде Загреб жупаниясымен және Загреб қаласымен, батысында Словениямен шекаралас. Жупания аумағы арқылы Вараждин — Осиек теміржол және автомобиль магистралі өтеді.

Жупанияның бедері өте адырлы, оңтүстік бөлігінде Загребтен жупанияны бөліп тұрған Медведница таулары орналасқан. Жупанияда ауыл шаруашылығы, әсіресе жүзім шаруашылығы, жақсы дамыған.

Халқы және әкімшілік бөлінісі 2001 жылғы халық санағының деректеріне сәйкес, жупания аумағында 142 432 адам тұрдыЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. . Жупания негізінен моноұлтты, тұрғындардың 98,4 %-ы хорваттар, 0,3 %-ы словендер, 0,2 %-ы сербтерҚалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар .

Крапин-Загорье жупаниясы 25 әкімшілік бірлікке (7 қала, 25 қауымдастық) бөлінеді:

Қалалар: Крапина, жупанияның астанасы, халқы — 4 471 адам Орославье, халқы — 3 368 адам Златар, халқы — 2 906 адам Забок, халқы — 2 714 адам Доня Стубица, халқы — 2 200 адам Преграда, халқы — 1 828 адам Кланец, халқы — 567 адам

Қауымдастықтар: Бедековчина Будиншчина Десинич Джурманец Горня Стубица Храшчина Хум на Сутли Есене Кральевец на Сутли Крапинске Топлице Коньшчина Кумровец Мария Бистрица Лобор Маче Миховлян Нови Голубовец Петровско Радобой Свети Криж-Зачретье Стубичке Топлице Тухель Велико Трговишче Загорска Села Златар Бистрица

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты

Санат:Хорватия жупаниялары