Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенесі – Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылынан шығысқа қарай 3 км жерде.

Кезеңі, авторы 1910 жылы жерленген, 1993 жылы кесене болды, сәулетші М. Еңсібаев

Тарихи дерек Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1910) – ақын және жазушы, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. 1958 жылы оның моласында ескерткіш орнатылып, металл қоршау жасалды. 1975 жылы алдыңғы жағында барельефі бар жаңа ескерткіш қойылды. 1993 жылы қазақ ақыны мен жазушысының туғанына 100 жыл толуына орай, моланың үстінен кесене тұрғызылды.

Сипаты Кесене өз алдына әктас кесектерінен Батыс Қазақстанның діни мемориалды дәстүрінде жасалған құрылыс болып саналады. Әктастың табиғи түсі мазарға ерекше киелілік қасиет береді. Жоспарда төртбұрышты құрылысқа күмбез құрылады. Кесене қабырғаларындағы сәндік элементтер оның өзгешелігін айқындай түседі. Фризда «Сұлтанмахмұт» есімі ойып жазылған. Кесененің бейнелік құрылымы төртқұлақ үлгісі бойынша төрттік бұрышындағы үшбұрыш көлеммен аяқталады. Ғимараттың екі жағынан да бір қатарда үштастар тұр. Кесененің айналасындағы аумақ үзілген граниттен жасалған тақтайшалар төселген және қоршалған. Қазіргі уақытта ақын моласы – белсенді түрде құлшылық ететін орындардың бірі.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Павлодар облысы сәулеті