Құлсары батыр кесенесі – Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Есіл ауданы, Бұлақ ауылы.

Кезеңі Жерленген уақыты – 1776 жылы, жаңа кесенесі – 1958 жылы.

Тарихи деректер, аңыздар 1958 жылы атақты Құлсары батыр (1715-1776) ұрпақтары оның жерленген жеріне ескерткіш тас және темір қоршау орнатқан. 2011 жылы терезелер түріндегі аркасы бар күмбез тәрізді кірпіштен тұратын заманауи мазар орнатылды. Кірпіштер Батыс Қазақстаннан әкелінген. Тарихи құжаттарға сәйкес Құлсары батыр Абылай ханның жақын досы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, халықта әулиелігімен белгілі болған. Халық аңызында атақты Құлсары өзінің жақында қайтыс болатынын болжай отырып: «Мен өлгенде, мені түйенің үстінде ақ киізге салып көтерсін. Ол тоқтаған жерді қазсаңдар, тас табасыздар, ол менің қабірімде тұратын болсын...» - деп сұраған екен. Бұл өсиет орындалды. Батыр көптеген құбылыстарды болжай алған, науқастарды емдеген.

Құлсары батырдың жерленген жері әр түрлі аурудан арылу үшін келетін қажылық етушілердің үнемі назарында.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9

Дереккөздер

Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Солтүстік Қазақстан облысы сәулеті