Виктор Эйнар Дьёкереш (; 4 маусым 1998Тransfermarkt.com, Стокгольм, Швеция) — швециялық футболшы, "Спортинг" клубы мен Швеция құрамасының шабуылшысы.

Карьерасы

Клубтық "Броммапойкарна" клубының түлегі. Карьерасын 2015 жылы осы клубта бастады. 8 тамыз күні "Эстаресунд" клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.

2018 жылы "Брайтон" клубына ауысты. Бірақ Англия чемпионатында алаңға шыға алған жоқ, тек кубоктық ойындарға қатысып жүрді де, 2019 жылы жазда "Санкт-Паулиға" жалға берілді.

2020 жылы 2 қазанда "Суонси Ситиге" жалға кетті. Ол жақта онша алаңға шыға алмады да, 2021 жылдың басында "Брайтонға" қайта оралды.

2021 жылы 15 қаңтарда "Ковентри Ситиге" жалға берілді. Сол жазда "Ковентри Ситиге" түпкілікті ауысты.

2023 жылы "Спортинг Лиссабонға" ауысты.

Халықаралық 2019 жылы 8 қаңтарда Финляндияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Тұңғыш голын үш күннен соң Исландия қақпасына енгізді, бұл да жолдастық кездесу болатын.

Жетістіктері

Командалық «Броммапойкарна»

Швеция чемпионы: 2017

«Спортинг»

Португалия чемпионы: 2023/24

Жеке

Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының үздік мергені: 2017 (3 гол) Португалия чемпионатының үздік мергені: 2023/24 (29 гол)

Дереккөздер

Сілтемелер

https://www.playmakerstats.com/player.php?id=473956

Санат:Швеция футболшылары Санат:Швеция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Броммапойкарна ФК ойыншылары Санат:Брайтон энд Хоув Альбион ФК ойыншылары Санат:Санкт-Паули ФК ойыншылары Санат:Суонси Сити ФК ойыншылары Санат:Ковентри Сити ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары