София Вергара (10 шілде 1972, Барранкилья) — американдық киноактриса, телепродюсер және фотомодель.
Ол Американдық жанұя атты телехикаяда Глория Дельгадо-Притчетт рөлін сомдағанымен танымал болды. Бұл телехикаяның ұжымы АҚШ телеактерлер гильдиясының жүлдесін төрт рет иеленген, София сол ұжымның ажырамас мүшесі болды. Осы рөлдің арқасында ол ең көп жалақы алатын актерлердің қатарына қосылды.
Кинода түсуімен қатар София Вергара киім пішетін фирмаға иелік етеді және өз атындағы парфюм шығарады. Сондай-ақ ол жарнамаларда және әртүрлі телешоуларда түседі.
Дереккөздер
Санат:Барранкильяда туғандар Санат:АҚШ актрисалары Санат:Колумбия актрисалары Санат:АҚШ дыбыс жазу актрисалары Санат:АҚШ телевизия актрисалары Санат:АҚШ модельдері