Абылайұлы Жангентхан (24 сәуір 1949 жыл туған, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанкент ауылы) – медицина ғылымының докторы (1990), профессор (1998). Қазақстанда кәсіби эндокринологияның негізін қалаушылардың бірі.

ҚР ҰҒА-ның биология-медицина бөлімінің мүшесі. Семей мемлекеттік медицина институтын (1972, Семей мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. 1973-76 ж. еңбек жолын Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы ауруханада интерн-дәрігер болып бастады. 1976-90 ж. 1-ші Мәскеу медицина институтының аспирантурасында, КСРО Медицина ғылымдары академиясының докторантурасында оқып, ғылыми зерттеулермен айналысқан.

Еңбек жолы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары (1994-98), Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары (1998-2001), Кардиология мен ішкі ағзалар аурулар ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, бөлім меңгерушісі (2001-12) қызметтерін атқарған. 2010-16 ж. ҚазҰМУ-да эндокринология кафедрасының меңгерушісі, 2017 жылдан профессор қызметін атқарды.

Ғылыми еңбектері мен зерттеулері Негізгі ғылыми еңбектері эндокринология, тирсоидология, лимфология, профпатология, радиациялық экология және медицина, экспериментология, психологияның әр түрлі мәселелеріне арналған. Абылайұлы Жангентхан 300-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 8 монография, 30 патенттің авторы. 4 ғылым докторы, 36 ғылым кандидатын, 2 РһD дайындаған. СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024.

Марапаттары ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1997) Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (2003) Қазалы ауданының құрметті азаматы «Құрмет» ордені (2025)

Дереккөздер

Санат:Қазалы ауданыда туғандар Санат:Семей медицина университеті түлектері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары