Алексей Юрьевич Волков (21 мамыр 1958, Алматы) — қазақстандық дипломат, I дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші. Тарих ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны 1958 жылы 21 мамырда Алматыда дүниеге келді.
Білімі 1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетін “тарихшы” мамандығы бойынша тәмамдап, кейін Малайзия дипломатия және халықаралық қатынастар институтында тәжірибеден өтті.
Мансабы 1981—1983 — Қазақ мемлекеттік университеті кәсіподақ комитетінің төрағасы: 1983—1983 — Қазақстан ЛКЖО Алматы облыстық комитетінің студенттік құрылыс жасақтары штабының комиссары; 1986—1988 — Қазақ политехникалық институтының ассистенті; 1988—1989 — Алматы облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, лекторы; 1989—1991 — Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, консультанты; 1991—1992 — Қазақстан Халыққа білім беру министрлігінің консультанты; 1992—1992 — Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің жауапты хатшысы; 1992—1996 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі БҰҰ және мамандандырылған халықаралық ұйымдар департаментінің басшысы, БҰҰ департаментінің басшысы, екінші, бірінші хатшысы; 1996—1997 — Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің кеңесшісі; 1997—1999 — Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары, кеңесші-уәкілі; 1999—2002 — Қазақстан президентінің көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі; 2002—2003 — Қазақстан президенті әкімшілігі Кеңсесінің мемлекеттік инспекторы; 2003—2005 — Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары; 2005—2012 — Қазақстанның Польшадағы елшісі; 2012—2016 — Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары; 2016—2021 — Қазақстанның Грекиядағы елшісі; 2022 — Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директоры.
Жеке өмірі Үйленген, жұбайы Гүлнар Мұқашқызы Елеусізова. 1 ұлы бар — Артур (1986 туған).
Еңбектері “Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл” кітабы.
Марапаттары мен атақтары Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001); Қазақстан Парламентіне 10 жыл медалі (2006); Астанаға 10 жыл медалі, Қазақстан президентінің алғысы (2008); Қазақстан президентінің алғысы (2010); Құрмет ордені (2011); Әулие Мария Магдалина ордені (2011).
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның Грекиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Польшадағы елшілері Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқытушылары