Төлепберген Тұрсынұлы Байсақалов (29 наурыз 1974 жыл, Меңдіқара ауданы, Қостанай облысы) — қазақстандық актёр мен кинорежиссёр.
Өмірбаяны Байсақалов 1974 жылғы 29 наурызда Қазақ КСР, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген. Орта жүздің Қыпшақ руынан шыққан.
Байсақаловтың әкесі — жүргізуші, анасы — балабақша тәрбиешісі. Байсақалов мектеп кезінен белсенді, ауыл дискотекасында ди-джей болып, ауылдың барлық мерекелерінде белсенді болған. Мектептен кейін Қостанай мәдениет техникумында оқып, Михайловкаға оралып, Мәдениет үйін басқарып, пьесалар қойып, оларда ойнады.
1995 жылы Байсақалов Қазақ ұлттық өнер академиясына және Р.А. Машурованың актёрлік шеберханасына оқуға түсті.https://www.kino-teatr.ru/kino/acter/m/post/31282/bio/
Оқу кезінде оны байқап, оның кинематографиялық мансабындағы дебюті болған «Лейланың зары» фильміне түсуге шақырды. Одан кейін «Ренессанс аралы» және «Құрақ көрпе» фильмдерінің түсірілімі басталды.
Т.Байсақалов 2008 жылы Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» номинациясында Гран-при алған «Қызғалдақ» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Төлепберген Байсақалов бас режиссер Сергей Дворцевпен және басқа да түсіру тобының мүшелерімен бірге Канн қаласында фильм марапатталған кезде болды. Жалпы бұл фильм әртүрлі халықаралық кинофестивальдерде 19 жүлдеге ие болды.
Төлепберген ресейлік киносүйер қауымға Бірінші арнадағы «Снайпер 2. Тұңғыс» фильмінің премьерасынан кейін танымал болды, онда ол басты рөлдердің бірі — мерген Миша Кононовты (Тунгус) сомдады.
Төлепберген «От» фильмінде нан тасымалдаушының рөлін ойнап, Сочи мен Лос-Анджелестегі халықаралық кинофестивальдерде үздік ер адам рөлі үшін екі беделді марапатқа ие болды.
2010 жылы ВГИК режиссерлік факультетін (Владимир Хотиненконың шеберханасы) бітірген.
Байсақалов үйленген. Бір қызы, бір ұлы бар.https://qazradio.fm/kz/person/10176/
Фильмографиясы Байсақаловтың фильмографиясы:https://www.zharar.com/kz/biography/32500-biografija.html 2002 – Ләйләнің зары / Молитва Лейлы (Қазақстан); 2004 – Шиза (Қазақстан - Ресей - Франция - Германия) – эпизод; 2004 – Жаңғырту аралы / Остров возрождения (Қазақстан); 2006–2007 – Махаббат ол махаббат / Любовь как любовь – Фарид, қонақ үй қызметкері; 2007 – Рэкетир (Қазақстан) – ақсүйек; 2008 – Қызғалдақ / Тюльпан | Tulpan (Германия, Қазақстан, Ресей, Швейцария); 2008 – Бақсы (Қазақстан, Ресей) – Тоха, маскүнем; 2010 – Трубадур (Қазақстан, Ресей) – Төлеш – басты рөл; 2010 – Шыршалар / Ёлки (Ресей); 2010 – 999 (Қазақстан) – режиссер; 2011 – Супер Баха – басты рөл; 2011 – Шуақты күндер / Солнечные дни (Қазақстан) – көрші; 2011 – Орда–Әбілда; 2012 – Алматыда пәктігін жоғалту / Теряя невинность в Алма-Ате; 2012 – Снайпер-2. Тұңғыс / Михаил Кононов (Тунгус) – басты рөл; 2012 – Түн айырмайынша / Пока ночь не разлучит – Мұрат Абдулаев, аспаз; 2012 – Жігіттер, сәттілік! / Джентльмены, удачи! – археология профессоры; 2012 – Ғаламтордағы махаббат / Виртуальная любовь (Қазақстан) – Толик; 2013 – Көшбасшы жолы / Путь лидера. Огненная река. Железная гора (Казахстан) – Хәкім; 2013 – Параллель әлемдер / Параллельные миры (Қазақстан, Ресей) – курьер; 2013 – Ғаламшарлықтардың қатысы жоқ / Инопланетяне ни при чём (Қазақстан); 2014 – Тығырықтан жол тапқан / Разрывая замкнутый круг (Қазақстан) – Хәкім; 2014 – Қазақша тонау / Ограбление по-казахски – Сәкен Ахметов; 2014 – Нархоз (хикая, Қазақстан) – Айсананың әкесі.
Дубляж 2022 – Тор: махаббат және найзағай — Корг (Қазақстан, ТМД дубляжы).Дмитрий Череватенко. https://www.youtube.com/watch?v=ZQ3TzBZeg2I&t=1264s
Дереккөздер
Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақстан кинорежиссёрлері