Никол Воваевич Пашинян (; 1 маусым 1975, Иджеван) — армениялық мемлекеттік қайраткер мен саясаткер, 2018 жылдан бері қызметтегі Армения премьер-министрі. 2015 жылдан бері «Азаматтық келісімшарт» партиясының төрағасы.
Оған қоса, Пашинян — Арменияның Қарулы күштерінің Жоғарғы Қолбасшысы және Арменияның қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.
Армениядағы барқыт революциясының көшбасшысы. Армения Ұлттық жиналысының депутаты (2012–2018). «Елк» фракциясының жетекшісі (2017–2018).
Өмірбаяны 1975 жылы 1 маусымда Иджеван қаласында дүниеге келген. Әкесі – Вова Пашинян кеңес ғасырдың интеллигенті, дене шынықтыру пәннің мұғалімі, қоғамдық қайраткер. Шешесі – Светлана Ованесян.
Иджеван қаласындағы №1 орта мектепті бітірген.
1991–1995 жылдары Ереван мемлекеттік университетінде білім алған. Бесінші курста саяси себептермен университеттен шығарылған.
1992 жылдан бастап белсенді түрде журналистикамен айналысты. «Дпрутюн», «Айастан», «Лрагир», «Лрагир ор», «Молорак» газеттерінде жұмыс істеген. 1998 жылы «Орагир» күнделікті газетін құрды, алайда 1999 жылы саяси себептермен сот шешімі бойынша жабылды. 1999 жылы «Айкакан жаманак» газетінің бас редакторы болып тағайындалып, бұл қызметті 2012 жылға дейін атқарды.
1999 жылдың тамыз айында саяси себептермен бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін халықаралық және армян журналистік қауымдастықтарының талап етуімен апелляциялық сот жазаны орындауды бір жылға кейінге қалдырды, нәтижесінде жаза орындалмады.
2006 жылы «Альтернатива» қоғамдық-саяси бастамасының құрылтайшы мүшелерінің бірі болды. 2007 жылғы парламенттік сайлауда «Импичмент» альянсының пропорционалды тізімінде бірінші нөмірмен қатысты. 2008 жылғы президенттік сайлауда Армения Республикасының президенттігіне кандидат Левон Тер-Петросянның сайлауалды штабының мүшесі болды.
2008 жылғы 1 наурыз оқиғаларынан кейін іздеуде жүріп, бір жыл төрт ай бойы жасырын өмір сүрді. 2009 жылғы 1 шілдеде Армения Республикасының Бас прокуратурасына өз еркімен келіп, қамауға алынды. 2010 жылдың қаңтарында 2008 жылғы 1 наурыздағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Армян және халықаралық қоғамдастық тарапынан саяси тұтқын, ар-ождан тұтқыны ретінде кеңінен танылды. Түрмеде 1 жыл 11 ай отырғаннан кейін, 2011 жылғы 27 мамырда рақымшылық шешімімен босатылды.
2012 жылғы парламенттік сайлауда «Армян ұлттық конгресі» фракциясының пропорционалды тізімі бойынша Ұлттық Жиналыстың депутаты болып сайланды. 2012–2013 жылдары Ұлттық Жиналыстың әдеп жөніндегі комиссиясының төрағасы болды.
2013 жылы «Азаматтық келісім» қоғамдық-саяси бірлестігін құрды. 2013–2015 жылдары осы бірлестіктің басқарма кеңесінің мүшесі болды, ал 2015 жылдан бастап оның негізінде құрылған аттас партияның басқарма мүшесі.
2016 жылдың мамыр айында «Азаматтық келісім» партиясының еріктілер жасағының командирі болды.
2017 жылғы 2 сәуірде өткен парламенттік сайлауда «ЕЛК» («Шығу») блогының тізімі бойынша Ереван қаласының Кентрон, Эребуни, Норк-Мараш және Нубарашен әкімшілік аудандарын қамтитын №4 сайлау округінен депутат болып сайланды.
2017 жылдың мамыр айынан бастап «ЕЛК» парламенттік фракциясының жетекшісі болды.
2018 жылғы 31 наурызда Гюмри қаласындағы Вардананц алаңынан «Менің қадамым» қозғалысын бастады. Бұл қозғалыс сол жылдың сәуір–мамыр айларында бейбіт халықтық барқыт революцияға алып келді.
2018 жылғы 8 мамырда жалпыхалықтық қозғалыстың талап етуімен Ұлттық Жиналыс тарапынан Армения Республикасының Премьер-министрі болып сайланды.
2018 жылғы 16 қазанда кезектен тыс сайлау өткізу мақсатында сайлауалды уәдесіне сәйкес отставкаға кетіп, Премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы ретінде қызметін жалғастырды.
2018 жылғы 9 желтоқсанда өткен кезектен тыс парламенттік сайлауда «Менің қадамым» альянсының пропорционалды тізімін бастап, Премьер-министрлікке кандидат болды. Сайлау нәтижесінде альянс сайлаушылардың шамамен 70% дауысын жинады.
Осыған байланысты 2019 жылғы 14 қаңтарда Конституцияның 149-бабының 1-бөлігіне және 89-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес Никол Пашинян Армения Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
2021 жылғы 25 сәуірде елдегі ішкі саяси жағдайды реттеу мақсатында отставкаға кетіп, Премьер-министрдің міндетін атқарушы болып қалды.
2021 жылғы 20 маусымда өткен кезектен тыс парламенттік сайлауда «Азаматтық келісім» партиясының тізімін бастап, Премьер-министрлікке кандидат болды. Сайлау нәтижесінде партия 53,91% дауыс жинады.
Конституцияның 149-бабының 1-бөлігіне сәйкес 2021 жылғы 2 тамызда Армения Республикасының Премьер-министрі болып қайта тағайындалды.
2026 жылғы 2 тамызда Никол Пашинянды Армения премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Жеке өмірі Никол Пашинян ажырасқан, бұрын Анна Акопянмен некеде болған. Оның Мариам, Шушанна, Арпине есімді қыздары және Ашот есімді ұлы бар. Туған армян тілінен бөлек, орыс, ағылшын және француз тілдерін меңгерген.
Марапаттары Шетелдік марапаттар
«Алтын Қыран» ордені. (2025)
Пий IX орденінің Үлкен Кресті дәрежесімен марапатталған.
Францияның Құрметті легион орденімен табысталды. (2026)
Тағы қараңыз Армения
Дереккөздер
Санат:Армения премьер-министрлері Санат:XXI ғасыр саясаткерлері Санат:Қазіргі мемлекет басшылары Санат:Армения саясаткерлері