нобай|оңға|Жаңа жыл шыршасындағы Украина елтаңбасының тризубы нобай|оңға|Владимир Святославичтың тризубы
Тризуб (, , Үш ашалы) — украиндардың ұлттық символы, Украина елтаңбасының басты бөлігі. Рюриковичтер символдарының біріне негізделген.
Тарихы Тризуб Рюрикович әулеті мүшелерінің, әсіресе Владимир Святославич пен Дана Ярославтың жеке таңбасы болатын. Тризубтың мәні ғалымдарға әлі анық емес. Тризубтың символизмі және пайда болуы жайлы 40-тан астам теориялар бар. Тризуб түрлі ескі монеталарда, кірпіштерде табылады.
Ресей империясының ыдырауынан кейін 1918 жылы пайда болған Украина Халық Республикасының елтаңбасында тризуб бейнеленетін.
1991 жылы КСРО ыдырады да, Украина қайта тәуелсіз болды. 1992 жылғы 19 ақпанда оның Верховна рада атты парламенті тризуб бейнеленген Украина елтаңбасын ресмиледі. Елтаңба көк қалқан үстінде орналасқан алтын тризубтан тұрады.
Зерттелуі 2018 жылы Богдан Завитий мен Андрей Гречило Украина елтаңбасы мен оның басты символы, Тризуб жайлы «Елтаңбамыз» кітабын жазды.
Дереккөздер
Санат:Украина мемлекеттік рәміздері Санат:Украина мәдениеті Санат:Украина тарихы Санат:Украина елтаңбалары