Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі — тілсіз қияпат, жер сілкінуі, жылжыма, басқа да жағдайларға жауап беруге жауапты Қырғызстан арнайы министрлігі. Қазіргі басшысы — Баубек Әжікеев.

Тарихы 1991 жылғы 1 шілдеде Қырғыз КСР Министрлер Кабинеті КСРО Министрлер Кеңесінің төтенше жағдайлардың алдын алу мемлекеттік жалпыодақтық жүйесін құру туралы қаулысы негізінде Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар мемлекеттік комиссиясын құрды. 1992 жылғы 6 қаңтарда комиссия Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі ретінде қайта құрылды.

1999–2005 жылдары Ішкі істер министрлігіндегі полиция реформасы нәтижесінде Мемлекеттік өрт қызметі Төтенше жағдайлар министрлігіне бағынатын болды. 2008 жылғы 6 қазанда елдегі жер сілкінуіне министрлік жауап берген.

Басшылығы Атқарушы басшылығы:http://pubdocs.worldbank.org/en/832721477882691967/090716-DRMSeminar13-AzamatMambetov.pdf Президент – Қырғызстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Премьер-министр – Азаматтық қорғаныс басшысы Облыстық әкімдер – Облыстық азаматтық қорғаныс басшылары Мэрлер – Азаматтық қорғаныс жүйелерінің басшылары Министрлік басшылығы: Төтенше жағдайлар министрі – Азаматтық қорғаныс департаментаралық комиссиясының басшысы Мемлекеттік хатшысы Министр орынбасары Министр орынбасары Министр орынбасары Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі

Құрылымы Министрліктің осындай құрылымы бар: Аймақтық департаменттері Бішкек қалалық департаменті Ош қалалық департаменті Ош облысының департаменті Жалалабат облысының департаменті Баткен облысының департаменті Шу облысының департаменті Нарын облысының департаменті Бақылау және болжау департаменті Салдарды жою департаменті Салдарды жою аймақтық департаменттері Сел және су тасқындарынан қорғау қызметі Спраспромсервис қызметі Авиация қызметі Төтенше жағдайларға жауап орталықтары (солтүстік және оңтүстік) Төтенше жағдайларға жауап механизацияланған орталығы Дайвинг қызметі Құтқарушыларды дайындау қызметі Өрт сөндіру қызметі Қалдықтар агенттігі Гидрометеорологиялық қызметі Халықты дайындау қызметі Азаматтық қорғаныс қызметкерлерін дайындау орталығы

Министрлер тізімі Қамшыбек Тәшиев (2007 – 15 желтоқсан 2009) Бақыт Төребаев (15 желтоқсан 2009 – 2010) Қуатбек Боранов (24 желтоқсан 2011 – 20 сәуір 2018) Нұрболат Мырзахметов (20 сәуір 2018 – 23 қаңтар 2020) Замирбек Асқаров (6 ақпан – 15 қазан 2020) Баубек Әжікеев (15 қазан 2020 бастап)

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан министрліктері Санат:Төтенше жағдайлар министрліктері Санат:Азаматтық қорғаныс