Вячеслав Францевич Кебич (, ; 10 маусым 1936 жыл, Барановичи ауданы – 9 желтоқсан 2020 жыл, Минск) — кеңестік және беларусьтік саясаткер, Беларусьтің тұңғыш премьер-министрі.

Мамандығы бойынша инженер болған Кебич Беловеж келісімінің қабылдануындағы басты тұлғалардың бірі болғаны үшін белгілі. КСРО ыдырауына әкелген бұл келісімге дейін Кебич кеңестік Беларусь саясаткері, соның ішінде Беларус КСР үкімет басшысы және КОКП ОК мүшесі қызметтерін атқарған.

Ерте жылдары және білімі Вячеслав Кебич 1936 жылғы 10 маусымда, Конюшевщина ауылында (қазіргі Минск облысы) дүниеге келген. 1958 жылы ол Беларус политехника институтынің инженерлік факультетін бітірді. Ол, оған қоса, Беларус Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Жоғарғы партия мектебінде білім алған. Саяси мансабына дейін Кебич инженер болып жұмыс істеген.

Беларусь премьер-министрі Кебич — 1991 жылдан 1994 жылға дейін қызмет еткен Беларусьтің тұңғыш премьер-министрі. Бұл жылдары ол лауазым Беларусь Министрлер Кеңесінің төрағасы деп аталатын. Бұған дейін Кебич осы лауазымның Беларус КСР-ндағы аналогына, Беларус КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы лауазымына ие болған. Билігі кезінде ол ресейшіл саясат жүргізетін. 1994 жылғы ақпанда ол «бұрынғыдай Ресеймен валюталық одақ құру кампаниясын жалғастыра беретінін» айтты. Кебич «Бұл тек экономикалық жағдайларға қатысты мәселе емес. Бізді ең жақын рухани байланыстар байланыстырады; Біздің тарихымыз ортақ, мәдениеттеріміз ұқсас» деп те айтатын. Наурыз айының басында ол Парламенке Ресей-Беларусь дипломатиялық байланысының Беларусь сыртқы саясатының басты мақсаты екен деді.

Кебич Беловеж келісімі құрастырушылары мен қол қоюшыларының бірі болды. Бұл келісім КСРО ыдырауын аяқтап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрған келісім еді. Кебич, оған қоса, 1994 жылы өзін Беларусь президенттігіне ұсынған үміткерлердің бірі еді. Екінші айналымға жеткен екі үміткердің бірі болған ол, алайда, Александр Лукашенкоға жеңілді. Сайлаудан кейін Кебич Беларус Сауда және Қаржы Одағын басқарды, Өкілдер палатасының депутаты болды.

Өлімі Кебич 2020 жылғы 9 желтоқсанда (Беловеж келісімінің 29 жылдығынан бір күн өткенде) COVID-19 пандемиясынан қайтыс болды. Кебич Минскінің Шығыс зиратында жерленген.

Саяси ұстанымы Кебич демократияға қарсы еді, оны «ойдан шығаруға болатын ең оңбаған нәрсе» деді. Кебич Михаил Горбачёвті «КСРО-ны сатып жіберген» «сатқын» деген және «орыс әлемі» түсінігін жақтайтын.

Дереккөздер

Санат:КСРО инженерлері Санат:Беларусь инженерлері Санат:XX ғасыр инженерлері Санат:КСРО саясаткерлері Санат:Беларусь саясаткерлері Санат:XX ғасыр саясаткерлері Санат:XXI ғасыр саясаткерлері Санат:Полковниктер (Беларусь) Санат:Беларус КСР үкімет басшылары Санат:Беларусь президенттігіне үміткерлер (1994) Санат:Беларусь премьер-министрлері Санат:Беларус КСР округтерінен КСРО халық депутаттары Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:Беларус ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Беларусь мемуаршылары Санат:Өкілдер палатасының (Беларусь) депутаттары Санат:COVID-19-дан қайтыс болғандар Санат:КОКП XXVII съезінің делегаттары Санат:Минск Шығыс зиратында жерленгендер Санат:КОКП-дан шыққандар Санат:КОКП XIX конференциясы делегаттары